Ата-аналарға кеңес: балаңызға ойыншық таңдай білесіз бе?

Ата-аналарға кеңес: балаңызға ойыншық таңдай білесіз бе?

Жақсы ойыншық –  ол балаларға арналған ерекше сый. Ойыншық балаларға тек ойнау үшін ғана емес, дұрыс даму үшін де қажет. Ойыншықтар гигиеналық талаптарға сай болуы қажет.

Балалар ойындары мен ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі Кеден одағы Комиссиясының 2012 жылғы 23 қыркүйектегі №798 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентімен нормаланады.

Ағымдағы кезеңде облыс бойынша өнімнің қауіпсіздігін ай сайынғы мониторингілеу барысында зертханалық зерттеуге 41 ойыншық үлгілері алынды, оның ішінде 2 (4,8%) сынама таңбалау бойынша сәйкес келмейді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкер субъектілеріне Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 2 ұйғарым берілді, сондай-ақ ойыншықтардың тиісті емес үлгілері бойынша Алматы қаласы Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаментіне материалдар жолданып, қорытындысында Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестік сертификатының қолданылуы тоқтатылды.

Осылайша, балалар ойыншықтарын таңдаған кезде, ата-аналар мына негізгі ережелерді есте ұстауы керек:

  • Ойыншықтарды белгіленбеген базарлардан алмай, балалар ойыншықтарын сататын мамандандырылған сату орындарынан алуы қажет. Базарлардағы сатушыларда өз тауарларына қажетті құжаттар өте сирек болады.
  • Қаптамада таңбалау болуы керек, яғни ол сенімді, тексерілетін, анық, оңай оқылатын, тексеру және сәйкестендіру үшін қолжетімді болғаны дұрыс, сонымен қатар өндіруші – фирма, өндіруші елі туралы, балалардың жас тобына сәйкес ақпараттарды қамтуы қажет.
  • Ойыншықтарды таңдағанда, оның иісіне назар аударған жөн, бұл оның сапасының нашар екендігінің жанама көрсеткіші. Ойыншықта өткір, жағымсыз, бөгде иіс болмауы керек.
  • Пластмассадан жасалған ойыншықтардың тек беткі жағы ғана емес, бүкіл массасы боялуға рұқсат етіледі. Оны ылғалды сүрткішпен немесе саусағыңызбен ойыншықтың бетін сүрту арқылы оңай тексеруге болады –
  • егер салфетка немесе саусағыңыз боялған болса, онда мұндай ойыншықты сатып алмау қажет.
  • Ойыншықтарда деформациялар, өткір жиектер, бұдырлар болмауы тиіс, ойыншықтардың бөлшектері берік болуы керек.
  • Ойыншықтар қауіпсіз, аллергия тудырмайтын табиғи матадан жасалғаны дұрыс.
  • Ойыншық және оның құрама бөлшектері балалардың тұншығуына байланысты қауіп тудырмауы қажет.
  • Баланың есту қабілетін зақымдауы мүмкін қатты немесе өткір дыбысы бар ойыншықтардан аулақ болыңыз. Ағзаны тыныштандыратын, әуенді дыбыстар шығаратын ойыншықтарды таңдаған дұрыс.   Тұтынушы балалар ойыншықтарын таңдау кезінде сатушыдан сатып алатын ойыншықтың сәйкестігі сертификатын сұрауға құқылы.

Осы орайда ата-аналарға сапасыз ойыншықтар балалардың жарақаттанып, не  зақымдануына немесе олардың улы заттармен уланып, аллергияға ұшырауына әкеліп соғуы мүмкін екендігін тағы да естеріңізге саламыз.