Жедел ішек ауруы — асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы дерт.
Микробтың адам ағзасына түскеннен бастап аурудың пайда болуына дейін 2 сағаттан 7 күнге дейін созылу мүмкін. Ауру адамда асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен қатар әлсіздік, дене қызуы, іштің бүріп ауруы, жүрек айну, құсу, іш өту клиникалық белгілері болады. Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Ақтөбе облысы аумағында 2021 жылдың 2 ай қорытындысы бойынша расталған жедел ішек ауруының 195 жағдайы тіркелді, 100-мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші – 21,84 құрады.
Саралау барысында анықталғаны – жедел ішек ауруымен науқас адамдардың 98,4%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 89,2% (174 жағдай) 2 жасқа дейінгі балалар.
Науқастанудың себебі – балаларға арналған сүт қоспаларын дайындау технологиясын және сақтау жағдайларының бұзуымен – 27 (14%), дұрыс жуылмаған, өңделмеген және бұзылған жеміс-жидекпен және көкөністерді пайдалану – 18 (92%) жағдайда, сапасы күмәнді, белгіленбеген жерлерден қолдан сатып алынған сүт және сүт өнімдерін пайдалану – 33 (17%) жағдайда, дайындалған тамақтың сақтау жағдайларын және сақтау мерзімдерін бұзу – 14 (7,1%) жағдайда, үй жағдайында ет қосылған тағамдармен – 37 (19%)жағдайда, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамаушылығы – 43 (22%) жағдайда және 23жағдайда басқа тағамдар.
Жедел ішек ауруын алдын-алу мақсатында:
1. Жеке бас және үй гигиенасын сақтау, дәретханадан, көшеден және үй жануарлармен қатынастан кейін қолды сабынмен жуу;
2. Ішуге, соның ішінде балалардың қоректену қоспаларын дайындауда сапалы ауыз суды пайдалану;
3. Баланы емізу және қарау кезінде жеке бас гигиенасын сақтау;
4. Тез бұзылатын өнімдерді және дайын тамақты сақтау мерзіміне қарай 2-6 °С температурасында сақтау;
5. Тамақ өнімдерді белгіленбеген жерден, қолдан сатып алмау;
6. Тамақ өнімдерді, соның ішінде ет және ет өнімдерін сатып алу кезінде сапасын куәләндіратын құжаттарды талап ету, сонымен қатар, сыртқы түріне, иісіне, мерзіміне және өнімдерді сақтау жағдайына көңіл аудару қажет.