
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілікті, адалдық пен кәсібилікті талап ететін маңызды сала. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, халықтың игілігі жолындағы қызметтеріңіз мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Еліміздің дамуы жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін!
Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!