
🔰Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне қызметкері А. Аткиевтің, сондай-ақ Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл А. Кенжебаевтың қатысуымен Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен кездесу өтті.
🔰Кездесу барысында Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы оқыту өткізилді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері түсіндіріліп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жан-жақты мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түрлері мен құқықтық салдарлары туралы ақпарат жеткізілді.
Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді. #мқіа #адгс #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #елгеқызмет