
«Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі» (КО ТР 009/2011)
Парфюмериялық-косметикалық өнім осы техникалық регламенттің, сондай-ақ оған қолданылатын талаптары бар Кеден одағының басқа да техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келген жағдайда нарықтағы айналымға шығарылады. Бұл ретте парфюмериялық-косметикалық өнімге осы Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген талаптардан тыс қосымша талаптар қойылмайды және сәйкестікті бағалаудың (растаудың) қосымша рәсімдері жүргізілмейді.
Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі:
1) құрамына;
2) микробиологиялық көрсеткіштеріне;
3) улы элементтер мөлшерінің деңгейіне;
4) токсикологиялық көрсеткіштеріне;
5) клиникалық-зертханалық көрсеткіштеріне;
6) ПК өнімдердің өндірісіне;
7) тұтыну орауына;
8) тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптардың жиынтығын қамтамасыз етеді.
Парфюмериялық-косметикалық өнімнің таңбалануын келесі ақпараттармен қамтылуы тиіс:
Парфюмериялық-косметикалық өнімнің сәйкестігін бағалау Кеден Одағына мүше мемлекеттерде белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертханасының (орталығының) қатысуымен алынған дәлелдемелер және өтініш берушінің өз дәлелдемелері негізінде декларациялау нысанында сәйкестікті растау арқылы жүзеге асырылады.
Ақтөбе облысы бойынша 2026 жылдың 5айында бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде парфюмерлік-косметикалық өнімнің 16 сынамасы сатып алынып, зерттелді. Оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 3 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 6 сынама, басқа елдердің өнімдері- 7 сынама. Сәйкессіздік анықталмады.