2026 жылғы мамыр айындағы өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері

2026 жылғы мамыр айындағы өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері

2026 жылғы мамыр айындағы
өнімдерді бақылау мақсатында
сатып алу нәтижелері

2026 жылдың мамыр айында бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу шеңберінде барлығы 149 өнімдер сатып алынды, оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 23 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 84, басқа елдердің өнімдері- 42.
Зерттелген 149 сынаманың ішінде 16 сынама таңбалау көрсеткіштері бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді, яғни 10,7% құрайды.
Бақылау мақсатында сатып алынған өнімдердің ішінде 105 тамақ өнімі сынамалары зерттелді. Оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 20 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 72, басқа елдердің өнімдері- 13 сынама.
Зерттеу нәтижесінде таңбалау көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін 5 сынама (4,7%) анықталды.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
1. «Богатовское золото» күнбағыс майы жоғары сорт. Тазартылған дезодорацияланған. Мұздатылған. Өндіруші- «Богатовский май экстракциялау зауыты» ЖШС, РФ, Самара қаласы, Богатов ауданы, Богатое ауылы, Заводская көшесі, 33 (2 рет анықталды);
2. Тауық етінен наггетстер, өндірушісі- ЖК «Колесникова В.Ф.», ҚР, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Б.Жумагалиев көшесі, 11;
3. «Альпен Голд» сүтті шоколад, өндірушісі- ЖШҚ «Верность качеству» кондитерлік фабрикасы, Ресей Федерациясы, Рязань облысы, Қасымов қаласы, Советская көшесі, 199;
4. Социальный «Сиыр етінен» тұшпарасы, өндірушісі- ЖК «Колесникова В.Ф.», ҚР, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Б.Жумагалиев көшесі, 11;
2026 жылдың мамыр айында бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 44 сынама тамақ емес өнімдер сатып алынып, зерттелді. Зерттеу нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін 11 сынама ойыншықтар (25,0%) анықталды, барлығы таңбалау көрсеткіштері бойынша.
Бақылау мақсатында сатып алу нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша субъектілерге сатылымнан алып тастау жөнінде аумақтық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің 5 жедел ден қою шарасы туралы қаулысы берілді.
Қаулы негізінде барлығы 130 кг. тағам өнімдері сатылымнан алынып тасталып, жеткізушіге кері қайтарылды.
Бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесінде 2 тергеп тексеру тағайындалды.