Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді бағалау, мониторингілеу және талдау бөлімі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты мамандарына арналған «Тұрғындардың денсаулық жағдайы мен атмосфералық ауаның ластану деңгейі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау» бойынша оқыту семинарын өткізді.

Үстіміздегі жылдың 28 мамырында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді бағалау, мониторингілеу және талдау бөлімі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты мамандарына арналған «Тұрғындардың денсаулық жағдайы мен атмосфералық ауаның ластану деңгейі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау» бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында атмосфералық ауаның ластану деңгейі мен тұрғындар денсаулығы көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты бағалау әдістері қарастырылды. Атап айтқанда, қоршаған орта факторларының тұрғындар денсаулығына ықпалын анықтау мақсатында корреляциялық және регрессиялық талдау жүргізудің негізгі қағидаттары түсіндірілді.
Оқыту шеңберінде 2015–2025 жылдар аралығындағы атмосфералық ауа сапасының көрсеткіштері мен халықтың аурушаңдық деңгейі бойынша статистикалық деректерді талдау тәсілдері талқыланып, ластаушы заттардың концентрациясы мен тыныс алу жүйесі, қан айналымы жүйесі және басқа да аурулар арасындағы ықтимал себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинардың мақсаты — мамандардың аналитикалық дағдыларын жетілдіру, тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу тиімділігін арттыру және халық денсаулығына әсер ететін қоршаған орта факторларын ғылыми негізде бағалау жұмыстарын күшейту.
Аталған іс-шара санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүйесін жетілдіруге, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруға және өңір тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз етуге бағытталған.