
2026 жылғы сәуір айында бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу шеңберінде барлығы 72 өнімдер сатып алынды, оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 5 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 56, басқа елдердің өнімдері- 11.
Зерттелген 72 сынаманың ішінде 2 сынама таңбалау және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді, яғни 2,7% құрайды.
Бақылау мақсатында сатып алынған өнімдердің ішінде 49 тамақ өнімі сынамалары зерттелді. Оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 4 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 43, басқа елдердің өнімдері- 2 сынама.
Зерттеу нәтижесінде таңбалау және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін 2 сынама (4,1%) анықталды.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
2026 жылдың сәуір айында бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 23 сынама тамақ емес өнімдер сатып алынып, зерттелді. Зерттеу нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жоқ.
Бақылау мақсатында сатып алу нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша субъектілерге сатылымнан алып тастау жөнінде аумақтық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің 2 жедел ден қою шарасы туралы қаулысы берілді.
Қаулы негізінде барлығы 27,0 л. тағам өнімдері сатылымнан алынып тасталып, жеткізушіге кері қайтарылды.
Бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесінде 1 тергеп тексеру тағайындалды.