Аса қауіпті инфекцияларға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне арналған кеңес

Аса қауіпті инфекцияларға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне арналған кеңес

Аса қауіпті инфекцияларға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне арналған кеңес


Ақтөбе облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасының ұйымдастыруымен облыс аумағында аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда мүдделі мекемелердің өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, обаға қарсы күрес станциясы, аумақтық ветеринариялық инспекциясы, ветеринариялық басқармасы, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, М.Оспанов атындағы БҚМУ, «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ы филиалының қатысуымен «Биологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері және медициналық ұйымдардың аса қауіпті инфекцияларға ден қоюға дайындығы» тақырыбында емдеу-профилактикалық мекемелердің қалалық және аудандық дәрігер-инфекционисттерге, госпиталдық эпидемиологтарға сонымен қатар, терапевттерге арналған дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында еліміз бен әлемдегі және өңірдегі аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық, эпизоотиялық жағдайы, нозологиялардың клиникасы мен диагностикасы, емделу жолдары, профилактикасы, биологиялық қауіпсіздікті сақтап, алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу тәртібі талқыланды. Терапевт, хирург және жалпы бейіндегі дәрігерлердің инфекциялық ауруларға қарсы сақтық шараларын күшейтуге бағытталған талаптар түсіндіріліп, тапсырмалар берілді.