Азаматтарды қабылдау күні

Азаматтарды қабылдау күні

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Кенжебаев Анарбек Бисенбайұлы Ойыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының ұжымымен кездесіп, саладағы өзекті мәселелер талқылады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды қабылдап, көкейкесті сұрақтарға жауап берді.
Ұжыммен кездесу барысында өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп атқаратын шаралардың жоспары талқыланды. Жергілікті жеке кәсіпкерлер мен тұрғындардың өтініштеріне және оларды толғантып жүрген сұрақтарға толымды жауап берілді