
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Кенжебаев Анарбек Бисенбайұлы Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының ұжымымен кездесіп, қызметкерлер мен жергілікті тұрғындарды қабылдады.
Кездесу барысында өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп атқаратын шаралар пысықталды. Сонымен қатар, сала мамандары қызметінің сапасы және алдағы тұрған міндеттер сөз болды. Бір қатар жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың өтініштеріне және өзекті сұрақтарына толымды жауап берілді.