Азаматтарды қабылдау күні

Азаматтарды қабылдау күні

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Кенжебаев Анарбек Бисенбайұлы Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының ұжымымен кездесіп, қызметкерлер мен жергілікті тұрғындарды қабылдады.
Кездесу барысында өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау, қоғаммен байланыс және сала мамандары қызметінің сапасы секілді көкейкесті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың өтініштеріне және өзекті сұрақтарына жауап берілді