
2026 жылдың 21 сәуірінде Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті туляремия инфекциясының табиғи ошақтары орналасқан Алға, Ырғыз, Қобда және Ойыл аудандарындағы елді мекендердің айналасында тосқауылды дератизация және дезинсекция жұмыстарын жүргізу қарсаңында жергілікті тұрғындар және мал мен үй құстарының улану жағдайларын болдырмау мақсатында арнайы кеңес өткізді. Кеңеске қатысқан аудан әкімдерінің орынбасарларына, ауылдық округтердің әкімдері мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына «Туляремия ауруының алдын алу және қорғаныш дератизация, дезинсекция жүргізу кезіндегі сақтану жолдары» тақырыбында арнайы дәріс оқылды.
Кездесу барысында туляремияның табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендердің маңында кеміргіштердің және кенелердің санын азайту және жою жұмыстарын қауіпсіз өткізіп, тиімділігін арттыру мәселесі жан-жақты талқыланды.