«Аймақ тынысы» бағдарлама аясында тікелей эфирі

«Аймақ тынысы» бағдарлама аясында тікелей эфирі

Бүгін «Аймақ тынысы» бағдарлама аясында тікелей эфирінде Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының міндетін атқарушысы Балкожаева Меруерт Амитовна "Кене энцефалитінің алдын алу және кене шағуынан қорғану шаралары" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Эфир барысында тұрғындарға келесі алдын алу шаралары ескертілді:
* табиғатқа шыққанда жабық киім кию — шалбар балағын аяқ киімнің ішіне салып, ұзын жеңді киім және бас киім кию;
* ашық түсті киім таңдау — жабысқан кенені дер кезінде байқау үшін;
* биік шөптер мен бұталардан алшақ жүру, соқпақтың ортасымен қозғалу;
* әр 1–2 сағат сайын өзіңізді және бір-біріңізді тексеріп отыру;
* үйге келген соң киімді, денені және үй жануарларын мұқият қарап шығу.

Сонымен қатар, кене шаққан жағдайда кенені жаншуға немесе өз бетімен жұлып алуға болмайтыны ескертілді. Мұндай жағдайда дереу медициналық ұйымға жүгініп, кенені қауіпсіз түрде алдыру және 21 күн бойы медициналық бақылаудан өту қажет.

Кене энцефалитінің алдын алуда сақтық шараларын сақтау және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну өте маңызды.