Энергетикалық сусындардың зияны

Энергетикалық сусындардың зияны

Энергетикалық сусындардың зияны

 

Энергетикалық сусындар – физикалық және психикалық белсенділікті уақытша арттыруға арналған өнімдер. Олар ағзаны сергітіп, қысқа мерзімге қуат береді. Алайда оларды шамадан тыс тұтыну денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді.

Энергетикалық сусындарды жиі қолдану тәуелділікке, жүрек ырғағының бұзылуына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне және асқазан-ішек жолдарының ауруларына әкелуі мүмкін.

Қазақстанда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға, сондай-ақ оларды оқу орындарында таратуға тыйым салынған.

Неліктен энергетикалық сусындар қауіпті?

* Жүрекке зияны: құрамындағы кофеин мен тауриннің жоғары мөлшері жүрек соғысының жиілеуіне (тахикардия), қан қысымының көтерілуіне, тіпті жүректің тоқтауына әкелуі мүмкін.

* Жүйке жүйесіне әсері: уақытша сергектік кейін шаршау, апатия, депрессия, ұйқысыздық және күйзеліспен алмасады.

* Асқазан-ішек жолына зияны: қант пен газдың көптігі гастрит, жүрек айну, құсу және диарея тудыруы мүмкін.

* Тәуелділік: уақыт өте келе бұрынғы әсерді алу үшін мөлшерді көбейту қажет болады, бұл ағзаға одан әрі зиян келтіреді.

 

Кімдерге энергетикалық сусындардан бас тарту қажет?

Балалар мен жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға, сондай-ақ гипертониясы, жүрек аурулары немесе жүйке жүйесінде ақаулары бар адамдарға бұл сусындарды қолдануға болмайды.

 

Энергетикалық сусындардың орнына жеткілікті ұйқы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және таза су ішуді таңдаған жөн. Бұл тәсілдер ағзаны табиғи жолмен қуаттандырып, денсаулыққа зиян келтірмейді.