
Бүгін Ырғыз аудандық әкімшілігінде өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды кеңес болып өтті.
Жиынға Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары С. Қонақбаев, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары И.Аяганова, сондай-ақ аудандағы емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлері және бірқатар салалық ұйымдардың жауапты мамандары қатысты.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес иммунопрофилактиканың маңызы, қауіпті аурулардың таралуының алдын алу және ұжымдық иммунитет қалыптастырудың жаңа үрдістері талқыланды.
Екпенің маңыздылығы туралы нақты, дәлелді және түсінікті ақпараттарды халыққа жүйелі түрде жеткізу, жалған мәліметтердің алдын алу, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттыру қажеттілігі туралы сөз болды.
Жиынды қорытындылаған Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары С. Қонақбаев әкімшіліктің тиісті бөлімдеріне санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын кең көлемде жүргізу, сондай-ақ вакцинациямен қамтуды жүзеге асыру бағытында нақты шаралар қабылдау үшін тапсырмалар берді.