
«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ТР КО 034/2013) техникалық регламенті Кеден одағының аумағында міндетті түрде қолдануға және орындауға арналған ережелерді белгілейді.
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден Одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», Кеден Одағының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», Кеден Одағының 005/2011 «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерімен реттеледі.
Ет және ет өнімдерінің таңбалануы Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Яғни, таңбалауда келесі ақпараттар міндетті түрде болуы керек:
Барлық сатылатын ет өнімдерінде оның қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттары (жүкқұжат, сәйкестік туралы декларация, ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық паспорт) болуы міндетті