Лептоспироз

Лептоспироз

Лептоспироз – адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру.  Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары.

Лептоспира бактериялары негізінен бауыр, бүйрек және майда қан тамырларын зақымдайды.

Лептоспироз бүкіл әлемде таралған, қоздырғыштарды көбінесе батпақты жерлерде және өте ылғалды аймақтарда кездеседі.

 Лептоспироз қоздырғышын көбіне көп жағдайда кеміргіштер, шошқалар, жылқылар, иттер, сондай-ақ ірі қара малдары тасымалдайды. Жануарлар арасында бұл аурудан болатын өлім 90%-ға дейін жетуі мүмкін.

 Лептоспироздың белгілері. Аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі орта есеппен 7 — 13 күнді қамтиды.

Сонан соң науқаста бірден дене қызбасы  басталып, (39 — 40°С), дене қалтырап, бұлшық еттері қатты ауырады, көзі қызарады, лоқсып құсып, ұйқысы қашады.

Ауру асқынғанда сандырақтап, мұрнынан қан кетіп, ерін, мұрын айналасына ұшық шығады.

Бауыры ісінеді, денеге бөртпе шығып, дененің сарғаюы байқалады. Ауруды дер кезінде емдемесе, адамдардың (әсіресе, жасы келген) өліп кетуі де ықтимал.

Ал сарғаймай, жеңіл түрімен науқастанғанда 6 — 12 аптадан кейін толық айығып кетеді. Ауру диагнозы лабораториялық әдістермен анықталады.

 Алдын алу шаралары: жеке гигиена ережелерін мұқият сақтау, тыйым салынған немесе рұқсат етілмеген жерлерде шомылудан бас тарту, тексерілмеген су қоймаларынан аулақ болу қажет.

Жануарлармен қатынаста жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс жасау керек.  

Мүмкіндігінше жануарларды арнайы сарысумен егу қажет.

Терінің және шырышты қабаттардың кез-келген зақымдануын уақтылы арнайы құралдармен емдеу керек.

Лептоспироз белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігер  көмегіне жүгінген жөн.

Бүгінгі күнге өңірімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, лептоспироз ауруы   бірнеше жылдардан бері  тіркелмеген.