Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтану

Данұрыс тамақту – адам денсаулығын сақтау мен нығайтудың негізгі факторларының бірі. Теңгерімді әрі сапалы тамақтану жүрек-қан тамыр ауруларының, қант диабетінің, семіздіктің және басқа да созылмалы сырқаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаттары:
1. Тағам рационының әртүрлілігі
Күнделікті ас мәзірінде көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар, ақуызға бай өнімдер (ет, балық, бұршақ т.б.), сүт және сүт өнімдері болуы тиіс. Әртүрлі тағам түрлері ағзаны қажетті дәрумендермен және минералдармен қамтамасыз етеді.
2. Теңгерімділік
Тамақтану рационында ақуыздар, майлар және көмірсулар үйлесімді мөлшерде болуы тиіс. Артық калория тұтыну артық салмаққа әкелетінін ескерген жөн.
3. Көкөністер мен жемістерді мол тұтыну
Күніне кемінде 400 грамм көкөніс пен жеміс-жидек тұтыну ұсынылады. Олар адам ағзасын талшықпен, дәрумендермен және антиоксиданттармен қамтамасыз етеді.
4. Тұз бен қантты шектеу
Тұзды тәулігіне 5 грамнан, ал қантты тіпті аз мөлшерде тұтыну қажет. Тұз бен қантты шамадан тыс пайдалану қан қысымының жоғарылауына және ағзадағы зат алмасу үдерістеріне әкелуі мүмкін.
5. Сапалы майларды таңдау
Қаныққан майларды (мал майы, маргарин) азайтып, өсімдік майларын (күнбағыс, зәйтүн майы) тұтынуға басымдық беру ұсынылады.
6. Су ішу режимі
Күніне жеткілікті мөлшерде таза су ішу – ағзаның дұрыс жұмыс істеуінің маңызды шарты.
7. Тамақтану тәртібін сақтау
Күніне 3–4 рет белгілі уақытта тамақтану, асықпай, мөлшермен қабылдау ас қорыту жүйесінің қызметіне дұрыс ықпал етеді.
Бұл неліктен маңызды?
Дұрыс тамақтану – белсенді ұзақ өмір сүрудің негізі. Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, күнделікті тағам рационына көңіл бөлгені жөн.

Салауатты өмір салтын ұстану – өз болашағыңызға салған инвестицияңыз!