
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілі Аяғанова Индира Алмагамбетованың ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, БҚМУ-дың аға оқытушысы Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызы Ақтөбе облысының СЭБД қызметкерлеріне арнап семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты — қоғамда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалаудың алдын алу, осы бағыттағы профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүргізу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның салдарымен күресу тетіктерін түсіндіру болды.
Жиында отбасы институтының қоғамдағы рөлі, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, гендерлік саясатты қолдау мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушыларға құқықтық мәдениетті нығайту, жұмыс орнында және күнделікті өмірде этикалық нормаларды сақтау бойынша пайдалы ақпарат пен тәжірибелік ұсыныстар берілді.
Іс-шара қызметкерлердің гендерлік теңдікке қатысты түсінігін кеңейтіп, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.