
Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу мақсатында СЭБД мен аумақтық қызметкерлерге арналған арнайы семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында «Аңсар» орталығының теологы Саматов Сапар Саматович «Мемлекеттік қызметкерлердің білуі тиіс діни заңнамалар» тақырыбында мазмұнды дәріс оқып, қатысушыларға маңызды ақпараттармен бөлісті.
📌 Рухани қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі.
Сонымен қатар, мереке күндері қарсаңында әдеп уәкілі Аяганова Индира жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын орындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.