
📍 БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ | Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай
Бүгін Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қойшанова Райхан Мусалиевна өңір тұрғындарына маңызды ақпаратпен бөлісті. Арнайы ұйымдастырылған баспасөз конференциясында облыстағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың таралу деңгейі, атқарылып жатқан шаралар мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыс бағыттары айтылды.
💉 Алдын алу шаралары ерекше назарда:
Райхан Мусалиевна екпе алу маңыздылығына тоқталып, халықты вакцинация науқанына белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар, үй жағдайында жасалуы тиіс қарапайым профилактикалық шаралар:
✔️ қолды жиі жуу;
✔️ адамдар көп жиналатын орындарда маска тағу;
✔️ ауру белгілері білінсе дәрігерге қаралу ұсынылды.
👶 ЖРВИ-мен ауыратындардың едәуір бөлігі — 14 жасқа дейінгі балалар.
🗣️ “Халық денсаулығы — басты басымдық. Әр азамат алдын алу шараларын ұстануы тиіс. Жағдай тұрақты бақылауда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасады — деп атап өтті департамент басшысы.