ОРВИ брифинг

ОРВИ брифинг

📢 Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Аяғанова И.А. ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы жөнінде брифинг өткізді.

🔍 Аяғанова И.А. атап өткендей, қазіргі уақытта облыста ЖРВИ мен тұмаудың жағдайы тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Инфекциялық аурулардың таралу қарқыны төмендеп, эпидемиологиялық көрсеткіштер қалыпты шектерде қалып отыр.

✅ Басшы орынбасарының айтуынша:

Вирустың белсенділігі азайғанымен, алдын алу шараларын сақтау аса маңызды;

ЖРВИ және тұмауға қарсы вакцинацияны уақытылы және толық көлемде алу денсаулықты қорғаудың тиімді жолы;

Ауырған жағдайда дәрігерге уақытылы жүгіну қажет.

⚠️ Мамандар тұрғындарға ауырмау үшін вакцинациядан өтіп, жеке гигиенаға көңіл бөлуге, көпшілік орындарға барған кезде сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

Облыс тұрғындарының денсаулығы – біздің басты приоритетіміз! Бірлесіп сақтанайық және өзімізді, жақындарымызды қорғап, аурудың алдын алайық.