Муафихов Мурат Шаманович

Муафихов Мурат Шаманович

Муафихов Мурат Шаманович (т. 20.11.1965) — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысы департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің бас маманы. 1991 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын ветеринарлық медицина мамандығы бойынша бітірген. Ақтөбе облысының санитариялық қызметінде 2002 жылдан бері еңбек етеді: 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы. Аса қауіпті инфекцияларға зоопаразитологиялық тексеру, дератизация мен дезинсекцияны ұйымдастырады, індет ошақтарында эпидемиологиялық тексерулер жүргізеді. COVID-19 пандемиясы кезінде блок-бекеттер мен өткізу пункттерінің жұмысын үйлестірді. Туляремия және бруцеллез бойынша эпидемиологиялық талдау әдістемелерін енгізді. Еңбек жолында жоғары кәсіби және жауапты маман ретінде танылған, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушысы. ҚР наградалары: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2024), «Еңбек озаты» (2023), «Белсенді қоғамдық қызмет» (2023).