Ильясова Динара Тыныштыковна 1975 жылы 20 тамызда дүниеге келген. 2003 жылы Орта-Азиялық Университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 30 жыл еңбек өтілі бар. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әкімшілік қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.
Өз қызметінде Динара Тыныштыковна жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытып, ұйым жұмысын тиімді басқаруда үлгілі үлес қосып келеді. Оның еңбегі бірнеше мәрте мемлекеттік және ведомстволық марапаттармен бағаланған:
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының «Алғыс хаты» (12.06.2015 ж.),
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясовтың «Құрмет грамотасы» (16.12.2021 ж.),
Департамент басшысы Р. Койшанованың «Алғыс хаты» (15.06.2022 ж.).
Ильясова Динара Тыныштыковна – ұжым ішінде беделді, еңбекқор маман, мемлекеттік қызметтің адал қызметкері болып табылады.