Есенова Бибигуль Есеновна

Есенова Бибигуль Есеновна

Есенова Бибигуль Есеновна — 1970 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің Гурьевтегі медициналық училищесін тәмамдаған. 34 жыл еңбек өтілі бар, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің жетекші маманы.

Бибигуль Есеновна – өзінің ісінің нағыз кәсіби шебері. Ол бірнеше жыл бойы инфекциялық қауіпсіздікті қадағалап, талмай еңбек етуде. Әрдайым талапшыл әрі нәтижеге бағытталған маман ретінде танылған.
Марапаттары:
Департамент басшысының Алғыс хаты (2018),
Құрмет грамотасы (2020),
«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі (2020).
Бибигуль Есеновна – сенімді әрі беделді маман, ол ұжымның қозғаушы күші әрі шабыт көзі.