2025 жылғы 26 тамызда Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, облыстағы ЕПМ вакциналарды тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға жауапты медицина қызметкерлеріне иммунологиялық дәрілік препараттарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар жөнінде оқыту семинарын ұйымдастырып өткізді.
Вакциналарды сақтау, тасымалдау және пайдалану барысында «салқындату тізбегі» жүйесінің маңызы, ИДП-ды сақтау температурасы, ережелері, қауіпсіздік шаралары, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет, күнделікті бақылау мониторингі, пайдаланылған ИДП қалдықтарын және жарамсыз деп танылған ИДП-ын жою және есепке алу құжаттамалары туралы түсіндірілді.
Семинар соңында иммунологиялық дәрілік препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалануға қойылатын талаптар бойынша білімін тексеру мақсатында тестілеу жүргізілді.