🆕 Жаңа тағайындау!
2025 жылғы 28 шілдеден бастап Оспанов Даурен Шаддатұлы Хромтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Аталған ұжымға жаңа басшыны Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қойшанова Р.М. таныстырып, Даурен Шаддатұлының мол кәсіби тәжірибесіне сенім артатынын атап өтті. Сонымен қатар, басқарма алдағы уақытта Хромтау ауданы әкімдігімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, ортақ мақсаттарға қол жеткізетініне үміт білдірілді.
Оспанов Даурен Шаддатұлы – қоғамдық денсаулықты сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бағытында көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман. Жаңа басшы өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, өңірдің санитариялық ахуалын жақсарту жолында нәтижелі жұмыс жүргізетініне сеніміміз зор.
📌 Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Жауапты қызметіңізге сәттілік пен толағай табыс тілейміз!