Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру (рәсімдеу) бойынша семинары өтті
2025 жылдың 16 шілдесінде Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) аумақтық басқармаларының білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімшілерінің мамандарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар (бұдан әрі - СЭҚ) беру (рәсімдеу) бойынша «ZOOM» платформасы арқылы семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес қойылатын талаптар айтылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету процесінің, сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру кезінде объектінің талаптарға сәйкестігі (санитарлық-техникалық жағдайы, үй-жайлары, олардың аудан көлемі, жабдықтар және т.б.) туралы түсіндірме берілді.