«Жазғы демалыс кезінде балалардың демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті
Ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Б.М.Мырзалы «Жазғы демалыс кезінде балалардың демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинарға қатысып «Жазғы сауықтыру ұйымдарында балалар арасында тағамнан улану мен жіті ішек аурулардың алдын-алу туралы» баяндама жасады.
Аталған семинарға «Zoom» платформасы арқылы барлығы 400 – ге жақын Ақтөбе қаласының және аудандарының мектеп директорлары, сонымен қатар облыстық, аудандық білім бөлімінің мамандары қатысты.
Семинар барысында жазғы лагерьлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы және тамақтан уланудың алдын алу туралы айтылды. Сонымен қатар республика бойынша білім беру объектілеріндегі ас блоктарымен байланысты жаппай тағамнан улану және жіті ішек тіркелген ауруларының статистикасы келтірілді.
Барлық қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.