«Жазғы сауықтыру ұйымдарының дайындығы барысында туындаған мәселелі сұрақтар, тағамнан уланудың алдын-алу және санитариялық қағидалар талаптарын сақтау туралы» тақырыбында семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 27 мамырында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп Атамекен облысының кәсіпкерлік палатасының алаңында семинар өткізді. Аталған семинар жазғы сауықтыру ұйымдарының өкілдеріне ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: қала сыртындағы жазғы сауықтыру ұйымдарының жазғы маусымға дайындығын ұйымдастыру, сонымен қатар лагерьге қойылатын негізгі санитариялық қағида талаптарын түсіндіру.
Семинар барысында жазғы лагерьлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы және тамақтан уланудың алдын алу туралы айтылды. Сонымен қатар республика бойынша білім беру объектілеріндегі ас блоктарымен байланысты жаппай тағамнан улану және жіті ішек тіркелген ауруларының статистикасы келтірілді.
Барлық қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.