Биологиялық белсенді қоспалар деген не?

Биологиялық белсенді қоспалар деген не?

Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ)  –  тағамдық талшықтар, амин қышқылдары, витаминдер, микроэлементтер және т.б. организм үшін әртүрлі пайдалы заттардың қосымша көзі бола алатын биологиялық белсенді тағамдық қоспалар. Олар дәрілік зат болып табылмайды.

Егер сіз күнделікті рационда биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға бел  бусаңыз, осы ББҚ Қазақстандағы мемлекеттік тіркелуін тексеруді ұмытпаңыз. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен қабылданған 021/2011 КО ТР «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес ББҚ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

  ББҚ мемлекеттік тіркеуді/қайта тіркеуді  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады.

 Жарнама арқылы ББҚ сатып алғанда, сақ болыңыз, сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етіңіз немесе Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің www.eurasiancommission.org. бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркеудің болуын тексеріп алыңыз.

Тіркеуге жататын ББҚ-лар үшін қажетті шарттар тұтынушыға төмендегідей қажетті ақпараты бар жапсырманың, нұсқаулықтың болуы болып табылады:  

  • өнімнің атауы, шығару нысаны;
  • дайындаушының тауарлық белгісі (бар болған жағдайда);
  • олардың құрамына кіретін компоненттердің, тағамдық құндылықтардың (энергетикалық құндылығы, физиологиялық тәуліктік қажеттілікке шаққандағы процентті көрсете отырып, белоктардың, майлардың, көміртегілердің, витаминдер мен микроэлементтердің болуы, амин қышқылдарының құрамы, биологиялық белсенді заттардың болуы) нақты мөлшерін (грамм, миллиграмм, миллилитр, проценттік арасалмағы) көрсете отырып, ингредиенттік құрамы туралы мәліметтер;
  • тамаққа биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттері туралы мәліметтер, қолдану жөніндегі ұсынымдар;
  • талаптарына тамаққа биологиялық белсенді қоспалар сәйкес келуге тиіс нормативтік құжаттың атауы;
  • шығарушының, бөлшектеп салушының және ораушының (егер шығарушы ораушы да, бөлшектеп салушы да болса) атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекен-жайы);
  • оралған бірліктердің (салмағы немесе көлемі) номиналдық саны, дозаларының мөлшері мен олардың номиналдық саны (салмағының немесе көлемінің);
  • партиясының нөмірі, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;
  • тамаққа биологиялық белсенді қоспаның дәрі еместігін көрсету;
  • нөмірі мен күнін көрсете отырып, тамаққа қойылатын биологиялық белсенді қоспаны мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат;
  • аурулардың жекелеген түрлерінде қолдану үшін қарсы айғақтары туралы мәліметтер.

Тамаққа биологиялық белсенді қоспаларды келесі жағдайларда өткізуге болмайды:

  • мемлекеттік тіркеуден өтпегенде;
  • жарамдылық мерзімі өтіп кеткенде;
  • іске асырудың тиісті шарттары болмаған кезде;
  • жабыстырмасыз, сондай-ақ жабыстырмадағы ақпарат мемлекеттік тіркеу кезінде келісілген ақпаратқа сәйкес келмеген жағдайда.

2025 жылдың 4 айында департаменттің аумақтық басқармаларының мамандары мемлекеттік тіркеуден өтпеген тағамға БҚҚ жарнамалау бойынша 110 әлеуметтік желілер парақшаларына мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген 24 ББҚ анықталды, жарнамалауға қатысты жеке және заңды тұлғаларға 4 ұсыныс хаттар жолданды.