Шектеу уақытында (оның ішінде карантин) Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласында кәсіпкерлік нысандарының жұмысын қайта бастау туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 бабын басшылыққа ала отырып және Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы жедел штабының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №32 хаттамасына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы аумағында 2020 жылдың 11 мамырынан бастап келесідей кәсіпкерлік нысандарының жұмысы қайта басталсын:

1) Қонақ үйлер, хостелдер және жол бойындағы кемпингтер (тамақты нөмірге жеткізумен);

2) Моншалар және сауналар.

  1. Бекітілсін:

1) Қонақ үйлер, хостелдер және жол бойындағы кемпингтер (тамақты нөмірге жеткізумен) үшін коронавирустық инфекция бойынша алдын алу шараларының алгоритмі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес;

2) Монша мен сауна үшін коронавирустық инфекция бойынша алдын алу шараларының алгоритмі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес.

  1. Өз қызметін қайта бастаған объектілер санитарлық-дезинфекциялық іс-шараларды қатаң сақтауы қажет.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                        Н.А. Беркімбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 мая 2020