«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2021 жылғы 24 қазанындағы №ПГГСВ-39 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38, 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі №42, 2021 жылғы 31 желтоқсанындағы  №56 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2021 жылғы 24 қазанындағы №ПГГСВ-39 қаулысына (бұдан әрі-ПГГСВ-39) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ПГГСВ-39-дың айқындаушы (кіріспе) бөлігіндегі «2021 жылғы 24 қыркүйегіндегі №44» сөзі «2021 жылғы 31 желтоқсанындағы №56» деген сөзімен ауыстырылсын;

2) 1 тармақтың 5 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде), жұмыс режимі бойынша шектеусіз, жұмыс және демалыс күндері қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз етсін;»;

           3) 2 және 3-қосымшалар осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2022 жылдың 5 қаңтары сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.                                                   Г. Даулетова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

03.01.2022  жылғы

№ПГГСВ-1  қаулысының

1 қосымшасы

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

24.10.2021 жылғы

№ПГГСВ-39  қаулысының

2 қосымшасы

 

«Ashyq» жобасына қатысатын, әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар беру

Объектілер/ салалар

Жасыл аймақ

1.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай рұқсат етіледі

2.

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

рұқсат етіледі

3.

Банкет залдары (садақа өткізу үшін)

толтырылуы 50%-дан артық емес, бір адамға кемінде 4 ш.м. алаңмен қамтамасыз етілген  жағдайда рұқсат етіледі.

4.

Банкет залдары (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай рұқсат етіледі

5.

Сауналар, моншалар

рұқсат етіледі

6.

СПА-орталықтар

рұқсат етіледі

7.

Бассейндер

рұқсат етіледі

8.

Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтары

рұқсат етіледі

9.

 Мәдениет объектілері (дайындық)

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға рұқсат етіледі

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

толтырылуы 50%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

11.

Облысаралық, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

рұқсат етіледі

12.

Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар

рұқсат етіледі

13.

Бильярд

толтырылуы 50%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

14.

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

толтырылуы 60%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

15.

Боулинг

толтырылуы 50%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

16.

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

17.

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары 

бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз ету кезінде, бірақ  60 адамнан асырмай рұқсат етіледі

18.

Алаңы 1000 ш.м-ге дейін қоса алғанда болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

бір адамға кемінде 10 ш.м. алаң қамтамасыз ету кезінде, бірақ  70 адамнан асырмай рұқсат етіледі

19.

Алаңы 1000 ш.м-ден астам болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

бір адамға кемінде 10 ш.м. алаң қамтамасыз ету кезінде, бірақ  120 адамнан асырмай рұқсат етіледі

20.

Отельдер, қонақ үйлер

рұқсат етіледі

21.

Автомобиль вокзалы, автостанция

рұқсат етіледі

22.

ХҚО

рұқсат етіледі

23.

Сауда алаңы 100 ш.м-ге дейінгі қоса алғанда (азық-түлік емес) сауда

желілері

рұқсат етіледі

24.

Базарлар (жабық)

рұқсат етіледі

25.

Букмекерлік конторалар

бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз ету кезінде,  бірақ  60 адамнан асырмай рұқсат етіледі

26.

Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

рұқсат етіледі

27.

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал)

рұқсат етіледі

28.

Банктер, «Қазпочта» АҚ

бөлімшелері

рұқсат етіледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

03.01.2022  жылғы

№ПГГСВ-1  қаулысының

2 қосымшасы

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

24.10.2021 жылғы

№ПГГСВ-39  қаулысының

3 қосымшасы

 

 

«Ashyq» жобасына қатысатын, «жасыл мәртебесі» бар болған кезде әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар беру

Объектілер/ салалар

Жасыл аймақ

1.

Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай рұқсат етіледі

2.

Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай рұқсат етіледі

3.

Көрмелер

толтырылуы 70%-дан артық емес, бірақ бір мезетте 500 келушіден асырмай рұқсат етіледі

4.

Марафондар (ашық ауада)

1000 адамнан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

5.

Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар

толтырылуы 80%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

6.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)

толтырылуы 50%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

7.

Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету)

толтырылуы 50%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

8.

Түнгі клубтар

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай рұқсат етіледі

9.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

толтырылуы 80%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

10.

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

толтырылуы 80%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі

11.

 Мәдениет объектілері (дайындық)

рұқсат етіледі

12.

Караоке

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 адамнан асырмай рұқсат етіледі

13.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері,

сауда алаңы 100 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері

рұқсат етіледі

14.

Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері

рұқсат етіледі

 

 

 

 

Дата публикации
03 января 2022