«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып (Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай тұрғысынан 2021 жылдың 25 қыркүйегіндегі бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы сары аймақта), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38, 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі №42, 2021 жылғы 24 қыркүйегіндегі №44 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету:

1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатыспайтын Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруға;

2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруға;

3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес «жасыл мәртебесі» бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын,  Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруға;

4) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Ashyq» жобасына қатысатын Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарға сәйкес барлық объектілерінің жұмысына:

 – жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;

– сенбі және жексенбі күндері – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) рұқсат ету;

5) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес «жасыл мәртебесі» бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын,  Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарға сәйкес қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс режимі бойынша шектеусіз қызметіне рұқсат ету;

6) Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;

7) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат беруді;

8) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) рұқсат беруді;

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі №42 қаулысының 3 қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының қаулысының 23 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;

11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмін сақтауды;

12) мынадай ұйымдардың/объектілердің:

қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, өзге де объектілер);

халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;

мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);

жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;

білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;

санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;

барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);

денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;

дәріхана ұйымдарының;

тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, кондоминиум объектілерінің басшылары (пәтер иелерінің кооперативтері, мүлік иелерінің бірлестіктері және басқалар);

экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;

демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

байланыс және телекоммуникация объектілерінің;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ұйымдасқан ұжымдардың;

қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің, күштік құрлымдардың, мемлекеттік органдардың COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;

13) осы қаулының 1 тармағының 12 тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) қамтамасыз етсін.

2.  Ақтөбе облысының тұрғындарына:

1) респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру жолымен медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке дереу жүгіну;

2) қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда және бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде бар.

3. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына:

мониторингтік топтарымен объектілер мен қоғамдық көліктерде күндізгі және түнгі уақытта шектеу карантиндік шараларының орындалуына бақылау күшейтілсін.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.

4. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына:

1) COVID-19 күдігі бар адамдарды уақытылы анықтау және оқшаулау үшін барлық денсаулық сақтау объектілерінде сүзгілердің, пациенттердің бүкіл ағынының дене температурасын өлшеуге арналған тепловизорлары бар шлюздердің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;

2) бейінді мамандардың науқастарды қабылдау кезінде кезектердің туындауына жол бермеу,  екпе алу, клиникалық-диагностикалық зерттеулерден өту үшін (шұғыл жағдайлардан басқа пациенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдау), медициналық ұйым басшысының бұйрығымен медициналық ұйымның әрбір қабатында профилактикалық іс - шараларды бақылау және қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді айқындау, персонал мен пациенттердің лас аймақтан таза аймаққа ауысуын болдырмау;

3) пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіні бойынша бөлек бөлу, стационарлардың аймақтарға бөлінуі мен жұмыс режимін қатаң сақтау, медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау;

4) меншік түріне қарамастан стационарларда карантинді сақтауды жалғастыру.

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына:

1) COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекцияны мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернат үлгісіндегі оқу орындарында жағдайлар тіркелген кезде ҰСО филиалдары жүргізу.

6. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін.

7. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

8. Осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес тізім бойынша Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.                                    Г. Даулетова

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

01.10.2021 жылғы

№ПГГСВ-38  қаулысының

1 қосымшасы

«Ashyq» жобасына қатыспайтын, әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар беру

Объектілер/ салалар

Шектеу карантиндік шаралар

 

1.

Өнеркәсіптік объектілері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжаты болған жағдайда вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын.

Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  25, 26 қосымшаларындағы талаптарды сақтаумен рұқсат етіледі.

2.

Құрылыс

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  26 қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда рұқсат етіледі.

3.

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  15 қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда  рұқсат етіледі.

 

4.

Байланыссыз қызметтер (техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, вулканизация, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу,тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, типографиялық қызметтер, кілттерді дайындау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т. б.)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  6, 7, 10 қосымшаларының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

5.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  1 қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

6.

Гүл дүкендері, фотосалондар

бетперде тәртібін, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану кезінде рұқсат етіледі

7.

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып рұқсат етіледі.

8.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, тіс емханасы

Алдын- ала жазылумен рұқсат етіледі.

9.

Мұражайлар, кітапханалар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  9 қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

 

10.

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  5 қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

11.

Сұлулық салондары, шаштараздар және косметологиялық қызмет көрсететін объектілері

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  7 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып рұқсат етіледі.

12.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  11 және 17 қосымшаларының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

13.

Ашық базарлар (азық-түлік, мал, азық-түлік емес)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып рұқсат етіледі.

14.

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып рұқсат етіледі.

15.

Қоғамдық көлік

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  14 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, кептеліс уақытында қоғамдық көліктің желіге барынша көп шығуы, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуы, барлық есіктерді ашу рұқсат етіледі.

 

16.

Облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес болғанда рұқсат етіледі.

 

17.

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  14 қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

 

18.

Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  1 қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

19.

Ұйымдар, офистер

50%- қашықтықтан,     50%- күндізгі режим рұқсат етіледі.

Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

20.

Діни объектілері

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  19 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, 30%-дан асырмай толтырылған, бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз етілген  жағдайда рұқсат етіледі.

21.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  20 және 21 қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

22.

Асханалар типі бойынша алкогольдік ішімдіктерді сатпай қоғамдық тамақтану объектілері, ұйымдастырылған ұжымдардағы  асханаларды қоспағанда

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 20 және 21 қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, рұқсат етіледі.

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

23.

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 20 және 21 қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, рұқсат етіледі.

24.

Банкет залдары (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету және садақа өткізу)

тыйым салынады

25.

Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 5 қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

26.

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

балалардың ойын-сауық орталықтарының қызметіне тыйым салумен (балалардың ойын-сауық орталықтары «Ashyq» жобасына қатысқан жағдайда жұмыс істей алады), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 5 қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

27.

Моншалар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 16 қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

28.

Сауналар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 16 қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

29.

СПА-орталықтар, бассейндер

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 16 қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

30.

Компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (12 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда)

тыйым салынады

31.

Жолаушылар пойыздарының /электр пойыздарының қозғалысы

жалпы вагондарсыз

32.

Жолаушылар поездарының қозғалысы

жалпы вагондарсыз

33.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес клубы, соның ішінде йога орталықтары

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 8 қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

34.

Боулинг клубтары

тыйым салынады

35.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 9 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 20%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі.

36.

Мәдениет объектілері (дайындық)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 9 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, 30 адамға дейін рұқсат етіледі.

37.

Бильярд

тыйым салынады

38.

Ашық ауадағы аттракциондар

рұқсат етіледі.

39.

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 28 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 15%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі.

40.

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар)

тыйым салынады

41.

Караоке

 

тыйым салынады

42.

Түнгі және ойын клубтары, букмекер кеңселері, лоторея клубтары

тыйым салынады

43.

Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық, естелік, садақа, салтанатты, мерекелік корпоративтер, отбасылық (банкет, үйлену той, мерейтойлар) және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу

тыйым салынады

 

44.

Көрмелер

тыйым салынады

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

01.10.2021 жылғы

№ПГГСВ-38  қаулысының

2 қосымшасы

«Ashyq» жобасына қатысатын, әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар беру

 

Объектілер/ салалар

Сары аймақ

1.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай рұқсат етіледі

2.

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

рұқсат етіледі

3.

Фуд-корттар

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай рұқсат етіледі

4.

Банкет залдары (садақа өткізу үшін)

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде рұқсат етіледі

5.

Банкет залдары (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай рұқсат етіледі

6.

Сауналар, моншалар

рұқсат етіледі

7.

СПА-орталықтар

рұқсат етіледі

8.

Бассейндер

рұқсат етіледі

9.

Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтары

рұқсат етіледі

10.

 Мәдениет объектілері (дайындық)

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға рұқсат етіледі

11.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

40%-дан асырмай толтыру рұқсат етіледі

12.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде рұқсат етіледі

13.

Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар

рұқсат етіледі

14.

Бильярд

50%- дан артық емес толтырылған кезде рұқсат етіледі

15.

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

50%-дан артық емес толтырылған кезде рұқсат етіледі. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

16.

Боулинг

50%-дан артық емес толтырылған кезде рұқсат етіледі

17.

Караоке

50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде рұқсат етіледі

18.

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

19.

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары 

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде рұқсат етіледі

20.

Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде рұқсат етіледі

21.

Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде рұқсат етіледі

22.

Отельдер, қонақ үйлер

рұқсат етіледі

23.

ХҚО

рұқсат етіледі

24.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

рұқсат етіледі

25.

Базарлар (жабық)

рұқсат етіледі

26.

Букмекерлік конторалар

бір адамға кемінде 4ш.м., бірақ  50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде рұқсат етіледі

27.

Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

рұқсат етіледі

28.

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал)

рұқсат етіледі

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

01.10.2021 жылғы

№ПГГСВ-38  қаулысының

3 қосымшасы

«Ashyq» жобасына қатысатын, «жасыл мәртебесі» бар болған кезде әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар беру

Объектілер/ салалар

Сары аймақ

1.

Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу

50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде рұқсат етіледі

 

2.

Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар

50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде рұқсат етіледі

 

3.

Көрмелер

толтырылуын 70%-дан асырмай, бірақ бір мезетте 300 келушіден асырмай рұқсат етіледі

4.

Марафондар (ашық ауада)

800 адамнан асырмай рұқсат етіледі

5.

Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар

толтырылуын 70%-дан асырмай рұқсат етіледі

 

6.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)

толтырылуын 30%-дан асырмай рұқсат етіледі

7.

Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету)

толтырылуын 30%-дан асырмай рұқсат етіледі

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

01.10.2021 жылғы

№ПГГСВ-38  қаулысының

4 қосымшасы

Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған қаулыларының тізімі

1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.06.2021 ж. №ПГГСВ-24 қаулысы;

2. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы»Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 09.07.2021 ж. №ПГГСВ-25 қаулысы;

3. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.07.2021 ж. №ПГГСВ-26 қаулысы;

4. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16.07.2021 ж. №ПГГСВ-27 қаулысы;

5. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 23.07.2021 ж. №ПГГСВ-28 қаулысы;

6. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.07.2021 ж. №ПГГСВ-29 қаулысы;

7. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 04.08.2021 ж. №ПГГСВ-30 қаулысы;

8. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.08.2021 ж. №ПГГСВ-31 қаулысы;

9. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.08.2021 ж. №ПГГСВ-32 қаулысы;

10. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27.08.2021 ж. №ПГГСВ-33 қаулысы;

11. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 07.09.2021 ж. №ПГГСВ-35 қаулысы;

12. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.09.2021 ж. №ПГГСВ-36 қаулысы;

13. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28.09.2021 ж. №ПГГСВ-37 қаулысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 октября 2021