«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 03.06.2021 жылғы №26 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына (бұдан әрі-ПГСВ-24) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ПГСВ-24-тің 1-тармағының 1) тармақшасының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) ПГСВ-24-тің 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жағажайлардың қызметіне, сондай-ақ су қоймаларының белгіленбеген жерлерінде шомылуға тыйым салынсын.

Ашық ауадағы аквапарктер қызметіне жұмыс күндері сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін, алдын ала жазылу бойынша, толымдылығы 50% - ға дейін, еден таңбаларын, шектегіштер мен тосқауыл ленталарын салу жолымен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, сондай-ақ адамдардың болу ұзақтығы 3 сағаттан аспайтын, кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жабдықтарды орналастыруға және жабдықтарды дезинфекциялау жүргізу үшін үзілістер ұйымдастырумен рұқсат етілсін. Кіру кезінде персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз тәсілмен бақылауды жүргізу, жіті вирустық инфекция белгілері болған кезде персонал мен келушілерге жол бермеу. Сонымен қатар, сенбі және жексенбі күндері аквапарктің қызметіне тыйым салынады;»

3) ПГСВ-24-тің 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:   

« 5. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына:

1) COVID-19 берілуін алдын алу және өзін қорғау мақсатында сақтық шараларын сақтай отырып, шұғыл жағдайларды қоспағанда, 2021 жылдың 2 тамызынан бастап меншік нысанына қарамастан барлық амбулаториялық-емханалық ұйымдарда (емханалар, стоматологиялық, гинекологиялық және басқа да медициналық ұйымдарда) эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін науқастарды жоспарлы амбулаториялық-емханалық емдеуге қабылдауды тоқтату;  

2) амбулаториялық-емханалық бейіндегі денсаулық сақтау объектілеріне шұғыл медициналық көмекке жүгінген пациенттерді қабылдауды жүргізу, кеңес беру және дәрігерлердің қабылдауын қашықтық форматында жүзеге асыру, медициналық бақылауды қоңырау шалу арқылы жүргізу, сонымен қатар науқастарға, жүкті әйелдерге, байланыста болған адамдардың  үйіне бару кезінде COVID-19 берілуін алдын алу және өзін қорғау мақсатында сақтық шараларын сақтау;

3) МСАК объектілерінде кәсіптік медициналық тексерулердің барлық түрлерін, кезекті скринингтік тексерулер жүргізуге тыйым салу;

4) ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғалар емханалар ғимараттарының кіреберісіндегі тиісті көрсеткіштерімен жабдықталған «сүзгіден» зерттеу талдамаларын алу арқылы қабылдансын;

5) ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар адамдарды 103 бригада келгенге дейін оқшаулау үшін арнайы бөлінген бөлме ұйымдастыру;

6) үй карантиніндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағын) ресімдеуді және тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептілерді онлайн беруді немесе жеткізуді ұйымдастыру;

7) эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін меншік нысанына қарамастан облыстың стационарларында карантинді сақтауды жалғастыру;

8) медицина қызметкерлері мен пациенттердің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеу;

9)  стационарлардағы пациенттерге баруға тыйым салу;

10) 25.12.2020 ж. №67 қаулының 3-қосымшасына сәйкес қызметкерлерді ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

11) COVID-19 жұқтырудың алдын алу мақсатында COVID-19 бойынша іс-шараларды жүргізуге қатысатын медициналық ұйымдар COVID-19 науқастарын хабардар етуді және олармен байланыста болған адамдарға COVID-19 науқастың үйде оқшаулану қажеттілігі туралы қолхатын тапсыра отырып, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдардың үйде оқшаулану шарттарын ҚР ДСМ 2021 жылғы 27 мамырдағы №ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес міндетті түрде орындауын қамтамасыз ету;

12) МСАК-та демалыс күндері науқастар мен байланыста болған адамдар туралы деректер жинауды жүргізу үшін жауапты адамдарды бекіту.»

4) ПГСВ-24  5.1-тармақпен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:

«5.1. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына және №1, №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшыларына:     

1) қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, интернат үлгісіндегі әлеуметтік оңалту орталықтарында карантинді және санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету;

2) туыстарының келуіне тыйым салу.»

5) ПГСВ-24-тің 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекцияны мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернат үлгісіндегі оқу орындарында жағдайлар тіркелген кезде ҰСО филиалдары жүргізеді.»

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы 2021 жылдың 2 тамызында сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                             Н. Беркімбаева

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

29.07.2021 жылғы

№ПГСВ-29  қаулысының

қосымшасы

«Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

30.06.2021 жылғы

№ПГСВ-24  қаулысының

Қосымшасы»

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар беру

Объектілер/ салалар

Шектеу карантиндік шаралар

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілер үшін  жұмыс режимі

1.

Өнеркәсіптік объектілері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжаты болған жағдайда вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын.

Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының  25, 28 қосымшаларындағы талаптарды сақтаумен рұқсат етіледі.

2.

Құрылыс

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік сан,итариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 28-қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда рұқсат етіледі.

3.

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 13-қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда  рұқсат етіледі.

4.

Байланыссыз қызметтер (техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, вулканизация, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу,тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, типографиялық қызметтер, кілттерді дайындау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т. б.)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  25 желтоқсандағы №67 қаулысының 6, 7, 10-қосымшаларының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

5.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты, антисептиктерді пайдалану кезінде рұқсат етіледі.

6.

Гүл дүкендері, фотосалондар

бетперде тәртібін, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану кезінде рұқсат етіледі

7.

Дәріханалар

күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде рұқсат етіледі.

8.

Амбулаториялық-емханалық бейіндегі денсаулық сақтау объектілеріне

күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар сақталған кезде шұғыл жағдайларда рұқсат етіледі

9.

Мұражайлар, кітапханалар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

10.

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі. Жеткізу қызметтеріне рұқсат етіледі.

11.

Балалардың түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 19-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

12.

Сұлулық салондары, шаштараздар және косметологиялық қызмет көрсететін объектілері

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 7-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша, сағат 09-00-ден 17-00-ге дейін рұқсат етіледі.

13.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, толымдылығы 80% - дан аспаған кезде рұқсат етіледі, «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына сәйкес қонақ үйлер, отельдер жұмыс істей алады.

14.

Ашық базарлар (азық-түлік, мал, азық-түлік емес)

жұмыс күндері сағат 17-00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

15.

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

жұмыс күндері сағат 17-00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

16.

Қоғамдық көлік

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 15-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, кептеліс уақытында қоғамдық көліктің желіге барынша көп шығуы, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуы, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қол жетімді жерлерде антисептигі бар санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерін міндетті түрде киюі, жексенбі күні жұмысына тыйым салынады (қоғамдық көліктерге дезинфекциялық өңдеу жүргізу үшін).

Қызметі үздіксіз жұмыс циклімен байланысты объектілердің басшылары қызметкерлерді тасымалдауды ұйымдастыруы тиіс.

17.

Облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге 75% - дан аспайтын, бірақ 15 адамнан аспайғанда жұмыс жасауына рұқсат етіледі

18

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

тыйым салынады

19.

Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

«ASHYQ» жобасына сәйкес ХҚКО-лар жұмыс істей алады, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

20.

Мектепке дейінгі мекемелер

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 14-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтаған кезде кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі.

21.

Ұйымдар, офистер

Covid-19-ға қарсы екпе курсын алған, соңғы 3 ай ішінде Сovid-19-мен ауырған немесе екпе алмаған қызметкерлер үшін міндетті түрде ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) шартымен барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

22.

Діни объектілері

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 20-қосымшасының талаптары сақтай отырып, жұмыс күндері ұжымдық іс-шаралар өткізбей жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

23.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

24.

Жазғы алаңдар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін,  толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

25.

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері, ұйымдастырылған ұжымдардағы асханаларды қоспағанда

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері  сағат 07.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

26.

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

27.

Фудкорттар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5, 22-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, тамақты шығаруға және жеткізуге ғана рұқсат етіледі, «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 15.00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 17.00-ге дейін,  20%- ға дейін, бірақ 30-дан аспайтын орын толтырылған кезде жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

28

Банкет залдары (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін,  толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі,  сенбі және жексенбі күндеріне жұмысына тыйым салынады.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

29.

Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер

ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбіде Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, жексенбі күні жұмысына тыйым салынады.

30.

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

жұмыс күндері сағат 17-00-ге дейін, балалардың ойын-сауық орталықтарының қызметіне тыйым салумен (балалардың ойын-сауық орталықтары «ASHYQ» жобасына қатысқан жағдайда жұмыс істей алады), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

31.

Моншалар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

32.

Сауналар

жұмыс күндері сағат 09-00-ден 17-00-ге дейін,  Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін,  жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

33.

СПА-орталықтар, бассейндер

34.

Компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (12 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда)

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 12-00-ден 20-00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін, толымдылығы 30% аспағанда  жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

35.

Жолаушылар пойыздарының /электр пойыздарының қозғалысы

жалпы вагондарсыз

36.

Жолаушылар поездарының қозғалысы

жалпы вагондарсыз

37.

Жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес клубы, соның ішінде йога орталықтары

жұмыс күндері сағат 09-00-ден 17-00-ге дейін,  Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 8-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

38.

Боулинг клубтары

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 12-00-ден 20-00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін, толымдылығы 30% аспағанда  жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

39.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 12-00-ден 20-00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін, толымдылығы 30% аспағанда  жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

40.

Мәдениет объектілері (дайындық)

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері 30 адамға дейін сондай-ақ адамның екі компонентімен вакцинацияланғанда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

41.

Бильярд

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 12-00-ден 20-00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін, толымдылығы 30% аспағанда  жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

42.

Ашық ауадағы аттракциондар

тыйым салынады

43.

Балаларды сауықтыру ұйымдары

(мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерьлер)

толымдылығы 30% -дан аспағанда Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 18-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

44.

Спорттық іс-шараларды өткізу

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге толымдылығы 20% аспағанда  жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

45.

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар) ауданы 500-ден 1000 ш. м. дейін

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге бір адамға кемінде 10 шаршы метр, бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген кезде, жұмыс күндері сағат 10-00-ден 15-00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

46.

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар) ауданы 1000-ден 3000 ш. м. дейін

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге бір адамға кемінде 10 шаршы метр, бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген кезде, жұмыс күндері сағат 10-00-ден 15-00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

47.

Караоке

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 10-00-ден 20-00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

48.

Түнгі және ойын клубтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы), букмекер кеңселері, лоторея клубтары және лоторея сататын өзге де орындар

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын лоторея клубтары мен лотореяны өткізудің өзге де нүктелерін қоспағанда

«ASHYQ» жобасына қатысатын лоторея клубтары мен лотореяны өткізудің өзге де нүктелері үшін бір адамға кемінде 4 шаршы метр, бірақ 30 адамнан аспайтын алаңды қамтамасыз ету кезінде жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.  

49.

Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, митингілер, шерулер, жиындар, ойын-сауық, мерекелік, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік, садақа және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу

тыйым салынады

50

Көрмелер

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге бір адамға кемінде 6 шаршы метр алаңмен қамтамасыз етілген, бірақ бір уақытта 50 келушіден аспайтын, толымдылығы 50% - дан аспайтын жағдайда жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі,  сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.  

51

Цирктер

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін,  толтырылуы 30% - дан аспайтын жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады

52

Зоопарк

тыйым салынады

53

Марафондар (ашық ауада)

тыйым салынады,  «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

«ASHYQ» жобасына қатысушыларға 30 адамнан аспайтын марафон өткізуге рұқсат етіледі

Дата публикации
29 июля 2021