«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 03.06.2021 жылғы №26 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету:

1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыру және кәсіпкерлік объектілерінде «ASHYQ» мобильдік қосымшасының жобасын енгізу арқылы жүзеге асыруды.

Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызылға» көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызылдан» немесе «жасыл» аймаққа «сары» аймақтан ауысқаннан кейін 7 күннен кейін жүргізіледі;

2) аквапарктердің, жағажайлардың қызметіне тыйым салуды;

3) қала саябақтарында, жағалауларында және скверлерінде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т.б.) жалға беруге тыйым салуды;

4) Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;

5) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат беруді;

6) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) рұқсат беруді;

7) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 21 және 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отыра авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ) жұмысына рұқсат беруді;

8) облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілері мен шұғыл жағдайларды қоспағанда, оффлайн режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салуды;

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмін сақтауды;

11) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайға, теміржол вокзалдары мен автовокзалдарға, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, аялдама павильондарына, үйлердегі кіреберістер мен лифтілерге, ауладағы балалар алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді күшейтуді.

2. Ақтөбе облысының тұрғындарына:

1) респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру жолымен медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке дереу жүгіну;

2) қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда және бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу;

3) 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу, сондай-ақ медициналық мекемелерге бару жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен кетпеу ұсынылады;

4) облыстың барлық тұрғындарына адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуға, әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін және жеке гигиена ережелерін сақтауға кеңес беріледі;

5) облыс халқының алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, саябақтарда және өзге де демалыс орындарында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан астам топ болып адамдардың жиналуына тыйым салынсын;  

6) жерлеу іс - шараларын өткізу кезінде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 20 (жиырма) адамнан (атап айтқанда отбасы мүшелері, жақын туыстары) артық адамдардың жиналуына жол бермеу.

3. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

1) персоналдарды, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (бетпердемен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

2) үй-жайларға, ғимараттарға кіре берісте және одан шыға берісте санитайзерлер орнатылсын;

3) келушілерге, клиенттерге үй-жайларға бетпердесіз кіруге жол бермеу;

4) үй-жайлардың ішінде және сыртында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

5) үй-жайларды ылғалды жинауды, дезинфекциялауды және үй-жайларды желдетуді тұрақты жүргізу;

6) барлық объектілердің кіреберісінде келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу.

4. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына:

мониторингтік топтарымен объектілер мен қоғамдық көліктерде күндізгі және түнгі уақытта шектеу карантиндік шараларының орындалуына бақылау күшейтілсін.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.

5. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың  дене температурасын өлшеуді, ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды, стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды, денсаулық сақтау ұйымдарының аймақтарға бөлінуі мен жұмыс режимін сақтау, медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі алгоритмін сақтау және күшейтілген дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды;

2) барлық босандыру және балалардың медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау белгілері бар, COVID-19 коронавирустық инфекциясына күдігі бар, ПТР әдісімен COVID-19 инфекциясы расталған, COVID-19 симптомсыз және жеңіл ағымы бар жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды, сондай-ақ стационарға түскен кезде COVID-19-ға ПТР талдауының нәтижелері жоқ пациенттерді емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды;

3) профилактикалық мақсатта стационарға шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде барлық пациенттерді ПТР әдісімен тексеру.

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына коронавирус инфекциясының ошақтарында лифтілерді, баспалдақ алаңдарын және лифтіге дейін және лифтіден кіреберістен шығуға дейінгі марштарды қамти отырып дезинфекциялауды; лифтілер болмаған кезде – КВИ-мен ауыратын науқастың пәтерінен кіреберістен шығуға дейінгі баспалдақ алаңдары мен марштарды қорытынды дезинфекция жүргізу кезінде 1 рет дезинфекциялауды қамтамасыз ету.

7. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2) өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыру.

8. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

9. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымындағы №ПГСВ-22 және ««Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 03 маусымындағы №ПГСВ-22 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 4 маусымындағы №ПГСВ-23 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                               Н. Беркімбаева

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

30.06.2021 жылғы

№ПГСВ-24  қаулысының

қосымшасы

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар беру

Объектілер/ салалар

Шектеу карантиндік шаралар

1.

         Өнеркәсіптік объектілері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын.

          

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжаты болған жағдайда вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын.

Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының  25, 28 қосымшаларындағы талаптарды сақтаумен рұқсат етіледі.

2.

Құрылыс

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 28-қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда рұқсат етіледі.

 

3.

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 13-қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда  рұқсат етіледі.

 

4.

Байланыссыз қызметтер (техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, вулканизация, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу,тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, типографиялық қызметтер, кілттерді дайындау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т. б.)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  25 желтоқсандағы №67 қаулысының 6, 7, 10-қосымшаларының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

 

5.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

 

бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты, антисептиктерді пайдалану кезінде рұқсат етіледі.

6.

Гүл дүкендері, фотосалондар

бетперде тәртібін, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану кезінде рұқсат етіледі

7.

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде рұқсат етіледі.

8.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялық клиникалар

күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша рұқсат етіледі.

9.

Мұражайлар, кітапханалар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

 

10.

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі. Жеткізу қызметтеріне рұқсат етіледі.

11.

Балалардың түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 19-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

12.

Сұлулық салондары, шаштараздар және косметологиялық қызмет көрсететін объектілері

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 7- қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша рұқсат етіледі.

13.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, толымдылығы 80% - дан аспаған кезде рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын қонақ үйлер, отельдер ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 03.06.2021 ж. №26 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

14.

Ашық базарлар (азық-түлік, мал, азық-түлік емес)

ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

15.

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

16.

Қоғамдық көлік

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 15-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, штаттық кестесінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі, кептеліс уақытында қоғамдық көліктің желіге барынша көп шығуы, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуы, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қол жетімді жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерін міндетті түрде киюі.

17.

Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, уақыты бойынша шектеумен сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын ХҚКО ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 03.06.2021 ж. №26 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

18.

Мектепке дейінгі мекемелер

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 14-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтаған кезде кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі.

19.

Ұйымдар, офистер

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 1-қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі, бұл ретте қызметкерлердің 80% - ы қашықтық режимде, 20% - ы күндізгі режимде қалады.

Ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

20.

Діни объектілері

 

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу, бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізілмей, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 20-қосымшасының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.

21.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы 67 қаулысының 22-қосымшасының талаптарын сақтаған кезде  тамақ жеткізу жөніндегі қызметтерге рұқсат етіледі.

22.

Жазғы алаңдар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26  қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

23.

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, сағат 06.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

24.

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

25.

Фудкорттар

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5, 22-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, тамақты шығаруға және жеткізуге ғана рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26  қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

26.

Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер

 

ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбіде Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салынады.

27.

Моншалар

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

28.

Сауналар

ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

 «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26  қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

29.

СПА-орталықтар, бассейндер

ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

 «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26  қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

30.

Компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (12 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда)

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

31.

Жолаушылар пойыздарының /электр пойыздарының қозғалысы

жалпы вагондарсыз

32.

Жолаушылар поездарының қозғалысы

жалпы вагондарсыз

33.

Жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес клубы, соның ішінде йога орталықтары

ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс  күндері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 8-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

34.

Боулинг клубтары

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

35.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

36.

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері балалардың ойын-сауық орталықтарының қызметіне тыйым салумен (балалардың ойын-сауық орталықтары "ASHYQ" жобасына қатысқан жағдайда, олар ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021 ж. №26 қаулысына сәйкес жұмыс істей алады), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі және сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

37.

Мәдениет объектілері (дайындық)

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

38.

Бильярд

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

39.

Ашық ауадағы аттракциондар

тыйым салынады

 

40.

Балаларды сауықтыру ұйымдары

(мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерьлер)

толымдылығы 30% -дан аспағанда Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 18-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

41.

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

42.

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар)

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

43.

Еске алуды өткізу

тыйым салынады

 

44.

Банкет залдары

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

45.

Караоке

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

46.

Түнгі және ойын клубтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы), букмекер кеңселері, лоторея клубтары және лоторея сататын өзге де орындар

 

тыйым салынады, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 03.06.2021 ж. №26 қаулысына сәйкес "ASHYQ" жобасында лоторея клубтары мен басқа да лоторея өткізу нүктелерін қоспағанда

47.

Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, митингілер, шерулер, жиындар, ойын-сауық, мерекелік, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу

тыйым салынады

 

48.

Көрмелер

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

49.

Цирктер

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

50

Марафондар (ашық ауада)

тыйым салынады, «ASHYQ» жобасына қатысатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес нысандарды қоспағанда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 июня 2021