"Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы" Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 06 мамырындағы №ПГСВ-19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 2021 жылғы 22 мамырындағы №22 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 06 мамырындағы №ПГСВ-19 «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысына (әрі қарай- №ПГСВ-19) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

1) 1 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

2) 1 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

3) 1 тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 45 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ашық ауадағы аквапарктердің қызметіне рұқсат беруді»;

4) 1 тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жағажайлардың жұмысына рұқсат беруді»;

5) 1 тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

- «бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беруді»;

6) 2 тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары алынып тасталсын;

7) 2 тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

- «ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін жазғы мектептерде оқытуды»;

8) №ПГСВ- 19 қаулысының 1-қосымшасындағы 21, 22, 25, 28, 29, 30, 34, 35, 36, 38, 39, 42, 45, 46, 49 тармақтарында ««ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

-««ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді»;

9) №ПГСВ-19 қаулысының №1 қосымшасындағы 47-тармағына өзгеріс пен толықтырылу енгізілсін және мынадай редакцияда жазылсын:

47

Түнгі және ойын клубтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы), букмекер кеңселері, лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар

 

Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22.05.2021 ж. №22 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын лоторея клубтары және лотерея сататын өзге де орындарды қоспағанда

2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2) өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды қамтамасыз ету.

3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                         Н.А. Беркімбаева

Дата публикации
26 мая 2021