«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу,сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты (Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылдың 31 наурызынан бастап Ақтөбе облысы қызыл аймақта), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 13.04.2021 жылғы №14 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету:

1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар критерийлерін іске асыру және кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" мобильдік қосымшасының пилоттық жобасын енгізу арқылы жүзеге асыруды.

Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызылға» көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызылдан» немесе «жасыл» аймаққа «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа ауысқаннан кейін 7 күннен кейін жүргізіледі;

2) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;

3)бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы, орта және жоғарғы оқу орындарындағы асхана жұмысына тыйым салуды;

4) сабақтан тыс уақытта оқушыларды жеке оқытуға тыйым салуды;

5) облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілері мен шұғыл жағдайларды қоспағанда, күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салуды;

6) қасиетті «Рамазан» айы кезінде бір отбасының бірге тұратын мүшелері арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салуды;

7) қала саябақтарында, жағалауларында және скверлерінде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т.б.) жалға беруге тыйым салуды;

8) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып) және ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;

9) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, CОVID-19 ПТР-зерттеу болған жағдайда, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

10) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) рұқсат беруді;

11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 21, 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отыра авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ) жұмысына рұқсат беруді;

12) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет

қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;

13) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмін сақтауды;

14) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу, мыналарды қоспағанда:

- бес жасқа дейінгі балаларды;

- қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда;

15) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайға, теміржол вокзалдары мен автовокзалдарға, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, аялдама павильондарына, үйлердегі кіреберістер мен лифтілерге, ауладағы балалар алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді күшейтуді.

2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының білім басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 10 тарауының талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:

1) жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту форматында жалғастыруды (аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқитын бітіруші 9, 11, 12 - сыныптарын қоспағанда: пәндердің 70% – ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 25 адамнан артық емес, 1-сынып-1-кабинет қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және бетперде тәртібін сақтау));

2) 2021 жылғы 26 сәуірден бастап интернет байланысы жоқ ауылдық елді мекендердегі мектептерді қоспағанда, контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептердің оқушыларын қашықтықтан оқыту форматына көшіруді (осы тармақша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қолданылады);

3) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы типтегі мектеп-интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысын 26 сәуірді қоса алғанда карантинмен жабық режимде ұйымдастырумен жалғастыруды;

4) жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беруді;

5) колледждердің I курс студенттерін қашықтықтан оқыту форматына көшіруді.

3. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, №1 және №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына:

1)  Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 26 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, медициналық-әлеуметтік орталықтарында 26 сәуірді қоса алғанда карантинді ұйымдастыруды жалғастыру;

2) медициналық-әлеуметтік объектілерде карантин уақытында қызмет көрсететін персоналдың тұруы үшін жағдайлар ұйымдастыру.

4. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына:

 мониторингтік топтарымен объектілер мен қоғамдық көліктерде күндізгі және түнгі уақытта шектеу карантиндік шараларының орындалуына бақылау күшейтілсін.  

Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.

5. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың  дене температурасын өлшеуді,ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды,стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды және күшейтілген  дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды;

2) ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38 бабының 15 тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен мамандарды тарту қағидаларына сәйкес халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тартуды.

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына коронавирус инфекциясының ошақтарында лифтілерді, баспалдақ алаңдарын және лифтіге дейін және лифтіден кіреберістен шығуға дейінгі марштарды қамти отырып дезинфекциялауды; лифтілер болмаған кезде – КВИ-мен ауыратын науқастың пәтерінен кіреберістен шығуға дейінгі баспалдақ алаңдары мен марштарды қорытынды дезинфекция жүргізу кезінде 1 рет дезинфекциялауды қамтамасыз ету.

7. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына:

1)БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу карантиндік шаралары туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2)Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыру.

8. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

9. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 наурызындағы №ПГСВ-12 (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 31.03.2021 жылғы №ПГСВ-13, 03.04.2021 жылғы №ПГСВ-14, 09.04.2021 жылғы №ПГСВ-16) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

10.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

11.Осы қаулы 2021 жылғы 23 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                     Н.Беркімбаева

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 22 сәуіріндегі

№17 қаулысының

1 қосымшасы

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды беру өлшемдері

Объектілер/ салалар

Қызыл аймақ

1.

             Өнеркәсіптік объектілері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын.

           Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын кәсіпорын басшылары қызметкерлерін CОVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен зертханалық тексерілуге бақылауды қамтамасыз етсін және вахтадан(ға) шығуға/кіруге теріс нәтижесімен рұқсат  етсін.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын.

 

 

Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының  25, 28 қосымшаларындағы талаптарды сақтаумен ішкі тәртібіне сәйкес шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

2.

Құрылыс

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 28-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

3.

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 13-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

4

Байланыссыз қызметтер (техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, вулканизация, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу,тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, типографиялық қызметтер, кілттерді дайындау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т. б.).)

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  25 желтоқсандағы №67 қаулысының 6, 7, 10-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

5

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.).)

 

бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

6

Гүл дүкендері, фотосалондар

бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

7

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

8

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша рұқсат етіледі

9

Мұражайлар, кітапханалар

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

10

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жеткізу қызметтеріне рұқсат етіледі.

11

Балалардың түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 19-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

12

Сұлулық салондары, шаштараздар және косметологиялық қызмет көрсететін объектілері

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 7-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша рұқсат етіледі.

13

Супермаркеттер, гипермаркеттер

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс уақыты бойынша сағат 07-00-ден 24-00-ге дейін шектеумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жеткізу қызметтеріне рұқсат етіледі.

 

14

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер,отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.).)

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, толымдылығы 80% - дан аспаған кезде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

15

Ашық базарлар (азық-түлік, мал, азық-түлік емес)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс  күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

16

Қоғамдық көлік

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 15-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, штаттық кестесінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі, кептеліс уақытында қоғамдық көліктің желіге барынша көп шығуы, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуы, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қол жетімді жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерін міндетті түрде киюі.

17

Банктер, ХҚКО, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, уақыты бойынша сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін шектеумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

18

Мектепке дейінгі мекемелер

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 14-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтаған кезде кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі.

19

Ұйымдар, офистер

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 1-қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі, бұл ретте қызметкерлердің 80% - ы қашықтық режимде, 20% - ы күндізгі режимде қалады.

20

Діни объектілері

 

ұжымдық іс-шараларды өткізбей, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 20-қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

21

Орналасқан жеріне қарамастан қоғамдық тамақтану объектілері

 

жұмыс күндері және сенбіде сағат 07-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, толтырылуы 50% - ға дейін, бірақ 30 отыратын орыннан аспайтын шарттарды сақтай отырып, жексенбі күндері тек тамақ шығару мен жеткізу үшін, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21, 22-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі (ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 ж. №14 қаулысына сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы 67 қаулысының 22-қосымшасының талаптарын сақтаған кезде  тамақ жеткізу жөніндегі қызметтерге рұқсат етіледі.

22

Фудкорттар

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5, 22-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, тамақты шығаруға және жеткізуге ғана рұқсат етіледі.

23

Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер

 

ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбіде Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салынады.

24

Моншалар

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

25

Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер

жұмыс күндері, алдын ала жазылу бойынша, ішкі тәртіпке сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады (ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021ж.13.04. №14 қаулысына сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).

26

Компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда)

Тыйым салынады, ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №14 қаулысына сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда (бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және антисептикалық құралдарды пайдалану арқылы).

27

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі (балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың қызметтеріне тыйым салынады), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

 

28

Қала маңындағы жолаушылар пойыздарының /электр пойыздарының қозғалысы

жалпы вагондарсыз

29

Жолаушылар поездарының қозғалысы

жалпы вагондарсыз

30

Қалааралық, облысаралық және облысішілік тұрақты автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына

 

тыйым салынады

31

Жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) және спорттық-сауықтыру орталықтары

 

сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 8-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

32

Боулинг клубтары

Тыйым салынады, ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №14 қаулысына сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда (бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және антисептикалық құралдарды пайдалану арқылы).

33

Фитнес клубтар, соның ішінде йога орталықтары

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 8-қосымшасының талаптарын сақтап, ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады (ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №14 қаулысына сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).

34

Кинотеатрлар, театрлар, филармониялар

Тыйым салынады, ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №14 қаулысына сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда (бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және антисептикалық құралдарды пайдалану арқылы).

35

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтап, ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі (балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың қызметтеріне тыйым салынады), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

36

Мәдениет объектілері (дайындық)

Тыйым салынады

 

37

Концерт залдары

Тыйым салынады, ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №14 қаулысына сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда (бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және антисептикалық құралдарды пайдалану арқылы).

38

Бильярд

Тыйым салынады, ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №14 қаулысына сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда (бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және антисептикалық құралдарды пайдалану арқылы).

39

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар)

Тыйым салынады

 

40

Спорттық іс-шараларды өткізу

Тыйым салынады

 

41

Еске алуды өткізу

Тыйым салынады

 

42

Банкет залдары, караоке, түнгі және ойын клубтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы), букмекер кеңселері мен лото-клубтар, оның ішінде лотереялар ұтыс ойыны

 

Тыйым салынады

 

43

Адамдар көп жиналатын конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу

 

 

Тыйым салынады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 апреля 2021