Постановление "«О внесении изменений в постановление Главного Государственного санитарного врача Актюбинской области от 30 марта 2021 года №ПГСВ-12 «Об усилении ограничительных карантинных мер по предупреждению заболеваний коронавирусной инфекцией среди населения Актюбинской области»"

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, №68 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 наурызындағы №ПГСВ-12 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1.2. тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

-  «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасындағы  талаптарды сақтап, алдын ала жазылу бойынша банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» АҚ бөлімшесінде жұмыс және сенбі күндері жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін белгілене отырып, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынсын.»;

2) 1.2. тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы талаптарды сақтап, сауна және моншалар жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынсын.»;

3) 1.2. тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 7 және 16 қосымшаларындағы талаптарды сақтап, сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынсын.»;

4) 1.2. тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 8 қосымшасындағы талаптарды сақтап, жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары), фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынсын.»;

5) 1.2. тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы талаптарды сақтап, бассейндер  (1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы) жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынсын.»;

6) 1.2. тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасының талаптарын сақтап, СОО, сауда үйлерінде, сауда желілерінде (балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынумен) жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынсын.»;

7) 1.2. тармағының 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтап, азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендер жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынсын.»;

8) 1.2. тармағының 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтап, «ашық ауадағы» азық-түлік және азық-түлік емес базарлары жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынсын.»;

9) 1.2. тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтап, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары (балалар ойын алаңдары және аттракциондардың қызметтеріне тыйым салынуымен) жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс жасап, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынсын.».

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

2.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                            Н.А. Беркімбаева

Дата публикации
03 апреля 2021