"Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы" Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты (қаңтар- 265 жағдай, ақпан- 313 жағдай, наурыз- 813 жағдай), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 қаулысыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына:

1.1. тыйым салу:

1) конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде;

2) ас беруге;

3) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары және аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары;

4) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

5) балалар сауықтыру лагерлерінің қызметіне;

6) балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының (онлайн форматта жұмыс жасауға болады);

7) бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына;

8) банкет залдарының қызметіне;

9) мәдениет объектілерінің (дайындықтар);

10) театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың;

11) қалааралық, облысаралық және облысішілік тұрақты автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына;

12) кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге;

13) мұражайлардың, кітапханалардың;

14) қасиетті «Рамазан» айы кезінде бір отбасының бірге тұратын мүшелері арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге.

1.2. санитарлық- дезинфекциялық және маскалық режимдерді, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келесі объектілерге қатысты шектеу карантиндік шараларды күшейту:

1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 19 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып алдын ала жазылу бойынша балалардың түзету кабинеттерінде;

2) күшейтілген санитариялық- эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс және демалыс күндері сағат 08-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, алдын ала жазылу бойынша медициналық орталықтарында, кабинеттерінде, стоматологияларда;

3) бір мезгілде 5 адамнан аспайтын денсаулық мектебіне баруды ұйымдастыра отырып, күшейтілген санитариялық- эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде;

4) күшейтілген санитариялық- эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде дәріханаларда;

5) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 15 қосымшасы талаптарын сақтаған жағдайда қалаларда қоғамдық көліктің жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде (қауырт уақытта қоғамдық көліктердің желіге барынша шығуымен, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуымен, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерді міндетті түрде тағуы);

6) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша банктерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «Қазпочта» АҚ бөлімшесінде жексенбі күнінен басқа, жұмыс және сенбі күндері жұмыс уақытын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектей отырып;

7)  Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 14 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі мекемелерінде кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау;

8) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдарда (ұйымдарда, кәсіпорындарда, кеңселерде), квазимемлекеттік сектор органдарында, ұлттық компанияларда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде (бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан, 20%-ы күндізгі режимде жұмыс жасауда қалады);

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы  талаптарды  сақтай отырып, діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізбей;

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21, 22  қосымшаларындағы талаптарды сақтай отырып, толымдылығы 50%-ға дейін 30 отыратын орыннан аспайтын шарттар сақталған жағдайда, жұмыс және сенбі күндері сағат 07.00 – 22.00 дейін белгілей отырып, орналасқан жеріне қарамастан қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, жексенбі күндері тек тамақ алып кету және жеткізу үшін жұмыс жасайды.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 22 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі;

11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5, 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отырып, тек тамақты алып кету және жеткізу арқылы фудкорттардың қызметіне;

12) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысынның 16 қосымшасына сәйкес, жексенбі күнінен басқа жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес сауналарда, моншаларда;

13) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 7 және 16 қосымшаларын сақтаған жағдайда, жексенбі күнінен басқа, жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес, алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарында, шаштараздарда, СПА орталықтарында және косметологиялық қызмет көрсететін объектілерде;

14) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 13, 25, 28 қосымшаларындағы талаптарды сақтаумен ішкі тәртібіне сәйкес өнеркәсіптік және барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік  кәсіпорындардың жұмысын, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметі рұқсат етілсін.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын басшылары қызметкерлерін CОVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен зертханалық тексерілуге бақылауды қамтамасыз етсін және теріс нәтижесімен шығуға/кіруге рұқсат  берілсін.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын;

15) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 6 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінде (техникалық қызмет көрсету бекеттері, автомобиль жуу, дөңгелек жөндеу, вулканизация және т.б.);

16) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 10 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес халыққа қызмет көрсету объектілерінде (типографиялық қызмет, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі және т.б.);

17) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес бизнес-орталықтарда (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), айырбастау пункттерінде, ломбарттарда;

18) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17 қосымшалары талаптарын сақтай отырып, толымдылығы 50%- дан аспайтын халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарында (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.);

19) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 8 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша, сенбі және жексенбі күндерінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес, жабық спорт объектілерінде (спорт кешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары), фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтарында;

20) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндерінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес бассейндердің  (1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);

21)  ашық ауада жеке және топтық жаттығулардың (5 адамнан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулардың (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру);

22) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып,  CОVID-19 ПТР-зерттеу болған жағдайда, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға;

23) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынумен жексенбі күндерінен басқа жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес СОО, сауда үйлерінде, сауда желілерінде;

24) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жексенбі күндерінен басқа жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендерде;

25) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жексенбі күндерінен басқа жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес «ашық ауадағы» азық-түлік және азық-түлік емес базарларында;

26) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, балалар ойын алаңдары және аттракциондардың қызметтеріне тыйым салынуымен,  жексенбі күндерінен басқа жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларында;

27) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, демалыс күндері сағат 09-00-ден 17-00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, "демалыс күні" ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ашық ауада өткізу;

28) күшейтілген санитариялық- эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтаумен көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысының (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің);

29) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің   2020 жылғы  25 желтоқсандағы №67 қаулысының  5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес азық-түлік дүкендерінің, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер қызметіне. Сонымен қатар, жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі;

30) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 21, 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отырып, авто-экспрессте (алып кетуге арналған тамақ);

31) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 15 қосымшасының талаптары сақталған жағдайда қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының  қозғалысы (жалпы вагондарсыз), жолаушылар поездарының (жалпы вагондарсыз) қозғалысына;

32) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтау;

33) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмінің сақталуы қамтамасыз етілсін;

1.3. қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу, мыналарды қоспағанда:

- бес жасқа дейінгі балаларға;

- қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда.

2. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың дене температурасын өлшеуді, ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды, стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды және күшейтілген дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

3. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының білім басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:

1) контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуды;

2) жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қашықтықтан оқыту форматына көшіру (контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерді қоспағанда);

3) жалпы білім беретін мектептердің кезекші 1- 5 сыныптарын қоса алғанда, 9 және 11 (12) сыныптарындағы балалар саны 25 адамнан аспайтын жұмысына рұқсат етілсін;

4) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы типтегі мектеп-интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;

5) колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін оқытуды.

4. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы мен Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының сақталуына күндізгі және түнгі уақытта рейдтік тексерулер жүргізу бойынша мониторингтік топтардың жұмысын күшейту. Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.

5. Ақтөбе қаласының денсаулық сақтау басқармасына:

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі 38 бабының 15 тармағы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен мамандарды тарту қағидаларына сәйкес халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарту.

6. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2) Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

7. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

8. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 наурызындағы №ПГСВ-10 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

10. Осы қаулы 2021 жылдың 31 наурызы 00:00 сағаттан бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                        Н.А. Беркімбаева

 

                                                         

Дата публикации
30 марта 2021