"Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы" Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мақсатында (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды аудандар тұрғысынан 2021 жылдың 22 наурызындағы бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы сары аймаққа кіруіне байланысты), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3 және 4 тармақтарын, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 қаулысының 2 тармағы 16) тармақшасын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына:

 

 

 

1.1. тыйым салу:

1) конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде;

2) ас беруге;

3) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары және аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары;

4) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

5) бастауыш, орта жәненегізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына;

6) банкет залдарының қызметіне;

7) жексенбі күні сауналардың қызметіне.

1.2. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келесі объектілердің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз ету:

1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 19 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының;

2) медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологиялардың алдын ала жазылу бойынша;

3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 15 қосымшасына сәйкес, қалаларда қоғамдық көліктің жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде (қауырт уақытта қоғамдық көліктердің желіге барынша шығуымен, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуымен, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерді міндетті түрде тағуы);

4) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, банктердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «Қазпочта» АҚ бөлімшесінің жұмыс уақытын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектей отырып;

5) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 14 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі мекемелерінде кезекші топтар 20 адамнан аспайтын топтарды жинақтау;

6) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың, кеңселердің), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің (бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан, 50%-ы күндізгі режимде жұмыс жасауда қалады);

7)  Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы  талаптарды  сақтай отырып, діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізбей;

8) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, үй-жайлардағы залдардың толымдылығы 50 пайызға дейін 50-ден аспайтын отыратын орындарды орнатумен қоғамдық тамақтану объектілерінің  қызметіне жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 – 24.00 дейін рұқсат беру.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 22 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі.

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысынның 16 қосымшасына сәйкес, жексенбі күнінен басқа күндері ішкі тәртіпке сәйкес алдын ала жазылу бойынша сауналардың;

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 15 қосымшасының талаптары сақталған жағдайда қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының  қозғалысы (жалпы вагондарсыз), жолаушылар поездарының (жалпы вагондарсыз) қозғалысына;

11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 9 қосымшасындағы  талаптарын және толықтырылуы 20% аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың;

12) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 13, 25, 28 қосымшаларындағы талаптарды сақтаумен ішкі тәртібіне сәйкесөнеркәсіптік және барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік  кәсіпорындардың жұмысын, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметі рұқсат етілсін.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын басшылары қызметкерлерін CОVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен зертханалық тексерілуге бақылауды қамтамасыз етсін және теріс нәтижесімен шығуға/кіруге рұқсат  берілсін.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын;

13) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 6 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (техникалық қызмет көрсету бекеттері, автомобиль жуу, дөңгелек жөндеу, вулканизация және т.б.);

14) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 10 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес халыққа қызмет көрсету объектілерінің (типографиялық қызмет, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі және т.б.);

15) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), айырбастау пункттері, ломбарттардың;

16) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде медициналық ұйымдардың, дәріханалардың;

17) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес мәдениет объектілерінің (дайындықтар 30 адамнан аспау керек),  кітапханалардың, мұражайлардың;

18) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің   2020 жылғы  25 желтоқсандағы №67 қаулысының  5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкес азық-түлік дүкендерінің, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер қызметіне. Сонымен қатар, жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі;

19) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 7 және 16 қосымшаларына сәйкес, жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4м2);

20) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17 қосымшаларына сәйкес, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.);

21) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес «ашық ауадағы» азық-түлік және азық-түлік емес базарларының;

22) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, объектіде 1 келушіге - 4 м2 сақтаған кезде балалар ойын алаңдары және аттракциондардың қызметтеріне тыйым салынуымен,  жұмыс  және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының;

23) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5, 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отырып, тек тамақты алып кету және жеткізу арқылы фудкорттардың қызметіне;

24) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесі ішкі тәртіпке сәйкес азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендердің;

25) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысынның 16 қосымшасына сәйкес, жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес моншалардың;

26) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы талаптарды орындай отырып, жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес бассейндердің  (1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);

27) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 15 қосымшасының талаптары сақталған жағдайда қалааралық, облысаралық және облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына;

28) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 8 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша, жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес, жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары), фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтарының;

29) ашық ауада жеке және топтық жаттығулардың (5 адамнан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулардың (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру);

30) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға;

31) спорттық іс-шараларды көрермендерсіз өткізу;

32) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, объектіде 1 келушіге - 4 м2 сақтаған кезде балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынумен жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес СОО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің;

33) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс  және демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының ішкі тәртібіне сәйкес, 50 отыратын орыннан аспайтын, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, сауда-ойын-сауық орталықтарында (жекелеген үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің;

34) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтаумен көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысының (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің);

35) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 21, 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отырып,авто-экспресстің (алып кетуге арналған тамақ);

36) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтау;

37) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмінің сақталуы қамтамасыз етілсін;

38) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 3 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) рұқсат берілсін.

1.3. қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу, мыналарды қоспағанда:

- бес жасқа дейінгі балаларға;

- қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда.

  1. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың дене температурасын өлшеуді, ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды, стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды және күшейтілген дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
  2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының білім басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:

1) контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуды;

2) жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда 25 оқушыдан аспайтын, халықаралық мектептерде 1-ден 7 сыныпқа дейін қоса алғанда 25 оқушыдан аспайтын аралас оқытуды;

3) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы типтегі мектеп-интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;

4) оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту);

5) білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта топтарда 15 адамнан аспайтын оқушыларды жеке оқытуды;

           6) колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуды.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы мен Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының сақталуына рейдтік тексерулер жүргізу бойынша мониторингтік топтардың жұмысын күшейту. Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.
  2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2) Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. «Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2020 жылғы 13 қаңтарындағы №ПГСВ-1 және Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 ақпанындағы №ПГСВ-4 және 2021 жылғы 1 наурызындағы №ПГСВ-7 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2021 жылдың 24 наурызы 00:00 сағаттан бастап күшіне енеді.

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                            Н.А. Беркімбаева

Дата публикации
22 марта 2021