«Хромтау ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 ақпанындағы №ПГСВ-5 қаулысының күшін жою туралы қаулы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3 тармағын, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысының 2 тармағы 22) тармағын (22.02.2021 ж. арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды аудандар бөлінісінде бағалау матрицасына сәйкес Хромтау ауданы жасыл аймаққа кіруіне байланысты) басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Хромтау ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 ақпанындағы №ПГСВ-5 қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                      Н.А. Беркимбаева

Дата публикации
09 марта 2021