«Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2021 жылдың 13 қаңтарындағы №ПГСВ-1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 07 шілдесіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 104 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130 «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 2021 жылдың 27 ақпанындағы №9 қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2021 жылдың 13 қаңтарындағы №ПГСВ-1 «Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1.1. тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын- сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын мерекелік корпоративтерді, отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде, митингтер, шерулер, жиындар және т.б. өткізуге тыйым салуды жалғастыру»;

2) 1.1. тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «ойын-сауық мекемелерінің (караоке, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстарды өткізуге тыйым салуды жалғастыру.»;

3) 1.2. тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, үй-жайлардағы залдардың толымдылығы 50 пайызға дейін 50-ден аспайтын отыратын орындарды орнатумен қоғамдық тамақтану объектілерінің  қызметіне жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 – 24.00 дейін рұқсат беру.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, толымдылығы 30% - дан, бірақ  50 адамнан аспайтын кезде ас беруге рұқсат етілсін.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 22 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі.»;

4) 1.2. тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етілсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 30%-ы қашықтықтан жұмыс жасауда қалады.»;

5) 1.2. тармағының 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы қойылған талаптарды сақтай отырып, толымдылығы 30% - дан аспайтын, бір адамға кемінде 4 м2 алаңды қамтамасыз еткен кезде діни объектілердің қызметіне рұқсат етілсін.»;

6) 1.2. тармағы мынадай мазмұндағы 42) тармақшасымен толықтырылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 39- қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, толымдылығы  30% - дан аспаған кезде бильярд клубтарының жұмысына рұқсат етілсін.»;

7) 1.2. тармағы мынадай мазмұндағы 43) тармақшасымен толықтырылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 5, 45 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отырып, толымдылығы  30% - дан, бірақ 50 адамнан аспаған кезде балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық орындардағы аттракциондар, ойын алаңдары) жұмыс жасауына рұқсат етілсін.»;

8) 1.2. тармағы мынадай мазмұндағы 44) тармақшасымен толықтырылсын:

- «күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, көрермендермен 20% - дан аспайтын спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілсін.»;

9) 1.2. тармағы мынадай мазмұндағы 45) тармақшасымен толықтырылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 3 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) рұқсат берілсін.»;

10) 4 тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

- «жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда 25 оқушыдан аспайтын, халықаралық мектептерде 1-ден 7 сыныпқа дейін қоса алғанда 25 оқушыдан аспайтын аралас оқытуға рұқсат етілсін.»;

11) 4 тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта топтарда 15 адамнан аспайтын оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілсін.»;

2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

2.1.БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2.2.Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

3. Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысы аудандарының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерлері тиісті аумақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.

4. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                            Н. Беркімбаева

Дата публикации
01 марта 2021