"Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 14 қарашасындағы №55 «Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 07 шілдесіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 104 бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130 «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57, 2020 жылғы 23 қазанындағы №58 және  2020 жылғы 02 қарашасындағы №62  қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 қарашасындағы №ПГСВ-55 «Ақтөбе облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  • 1-тармақ 1.1 тармақшасының 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

- «конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, жиналыстар, кеңестер, семинарлар (тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы), спорттық (Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды, облыстық командаларды даярлауға арналған оқу-жаттығу жиындарын қоспағанда), жаппай жаңа жылдық іс-шаралар (оның ішінде ертеңгіліктер, корпоративтер), сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде, митингтер, шерулер, жиындар және т.б. өткізуге тыйым салыну жалғастырылсын;»

  • 1-тармақ 1.1 тармақшасының 5 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

- «банкет залдарының қызметіне тыйым салыну жалғастырылсын;»

3) 1-тармағының 1.1 тармақшасы мынадай абзацымен толықтырылсын:

- «меншік нысанына қарамастан барлық объектілер мен ұйымдарда, оның ішінде үйде мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтеринг қызметтерді көрсетуге тыйым салынсын;»

4) 1-тармағының 1.2 тармақшасы алынып тасталсын;

5) 1-тармақ 1.3 тармақшасының 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, объектіде келушілердің 30% - дан аспайтын және 1 келушіге - 4 м2 сақтаған кезде балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынумен СОО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес, жексенбі және мереке  күндері сағат 10.00 – 17.00 дейін рұқсат берілсін;»

6) 1-тармақ 1.3 тармақшасының 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, объектіде келушілердің 30% - дан аспайтын және 1 келушіге - 4 м2 сақтаған кезде балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынумен жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес, жексенбі және мереке  күндері сағат 08.00 – 17.00 дейін рұқсат берілсін;»

7) 1-тармақ 1.3 тармақшасының 12 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысынның 19 қосымшасына сәйкес, балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар және ересектер білім беру орталықтарының (топта 15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша) қызметіне ішкі тәртіпке сәйкес рұқсат берілсін;»

8) 1-тармақ 1.3 тармақшасының 13 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23қазанындағы №57 қаулысының 14 қосымшасына сәйкес, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезекші топтарының 20 адамнан аспайтын топтардың жинақталуын сақтаған кезде қызметіне рұқсат берілсін;»

  • 1-тармақ 1.3 тармақшасының 24 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 6 қосымшасына сәйкес, автожанармай құю станцияларының, автомобиль жуу, доңғалақ жөндеу, техникалық қызмет көрсету станциясы, автомобиль, тұрмыстық техника, телефондар, компьютерлер, сағат және тағы басқаларды жөндеу қызметіне ішкі тәртіпке сәйкес рұқсат берілсін;»

  • 1-тармақ 1.3 тармақшасының 25 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, тігін ателье, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау, кір жуу, типографиялар және тағы басқалардың қызметіне ішкі тәртіпке сәйкес рұқсат берілсін;»

  • 1-тармақ 1.3 тармақшасының 26 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

- «бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың ішкі тәртіпке сәйкес қызметіне рұқсат берілсін;»

  • 1-тармағының 1.3 тармақшасы мынадай редакциядағы 40 абзацымен толықтырылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысының 21, 22-қосымшаларына сәйкес авто-экспресс (тамақты алып кету арқылы) қызметіне рұқсат берілсін;»

  • 1-тармағының 1.3 тармақшасы мынадай редакциядағы 41 абзацымен толықтырылсын:

- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысына сәйкес тек тамақты алып кету және жеткізу арқылы фудкорттардың қызметіне рұқсат берілсін;»

  • 1-тармағының 1.3 тармақшасы мынадай редакциядағы 42 абзацымен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтау»;

  • 1-тармағының 1.3 тармақшасы мынадай редакциядағы 43 абзацымен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмінің сақталуын қамтамасыз етілсін».

  1. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы және Ақтөбе облысының полиция департаменті басшыларына қамтамасыз ету:

- эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша белгілі тұрғылықты жері жоқ барлық адамдарды ПТР әдісімен COVID-19-ға тексеруді.

  1. Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына қамтамасыз ету:
  • COVID-19 диагнозы расталған адамдардың "үй карантині" режимі талаптарының сақталуына мониторингті жүзеге асыру үшін құрамында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, амбулаториялық-емханалардың медицина қызметкерлері және волонтерлар бар қалалық және аудандық мобильді топтарды қалыптастыруды;
  • үйдегі карантиндегі COVID-19 диагнозы расталған адамдарды мониторингтеу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыруды;
  • үйдегі карантиннің сақтау шарттарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуды.
  1. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысына қамтамасыз ету:
  • оқшаулау жағдайлары болған кезде үйдегі карантинді және клиникалық хаттамаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды медициналық бақылауды;
  • үйдегі карантинін ұйымдастыру үшін тұрғын үйдің талаптарға сәйкестігін бағалауды;
  • амбулаториялық-емханалық қызметтің медицина қызметкерлерінің күшімен үйдегі медициналық бақылаудың жүргізілуін және үйдегі карантин талаптарының сақталуын бақылауды;
  • үйде оқшаулану жағдайы болғанда симптомсыз вирус тасымалдаушысы бар адамдарды қоспағанда, COVID-19 науқастарын міндетті түрде ауруханаға жатқызуды;
  • короновирустық инфекцияның таралуын бақылау, сондай-ақ жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында "Saqbol" мобильді қосымшасын енгізуді.
  1. Ақтөбе облысының полиция департаментінің басшысына қамтамасыз ету:

- амбулаториялық-емхананалардың медицина қызметкерлерімен бірлесіп, (үйде оқшауланған жағдайда симптомсыз вирус тасымалдаушысы бар адамдарды қоспағанда) COVID-19 ауруы бар науқастарын инфекциялық стационарға орналастырудан бас тартқан жағдайда шаралар қабылдауды.

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына:

6.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

6.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

  1. Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысы аудандарының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерлері тиісті аумақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.                          Г.У. Даулетова

Дата публикации
09 декабря 2020