Жазғы сауықтыру маусымының қарсаңында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық бөлімшелер мамандарына арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.

Жазғы сауықтыру маусымының қарсаңында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық бөлімшелер мамандарына арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.
Кездесудің тақырыбы – маусымдық балалар сауықтыру орталықтарына қорытынды беру кезінде қойылатын санитариялық талаптар болды.
Іс-шара санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды бақылау және беру үшін жауапты мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.
Семинар барысында балалар лагерлеріне қойылатын өзекті талаптар талқыланды: нысандардың санитариялық жағдайы, тамақтандыру мен сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары, сондай-ақ балалардың қауіпсіз өмір сүру және демалыс жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Сәуле Садвакасова тексеріс жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтерді қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол зертханалық бақылау мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру процесіндегі бірыңғай тәсілдердің маңыздылығына назар аударды.