Ауру контакт арқылы жұғады және өте жұқпалы. Острицалардың жұмыртқалары бірнеше сағат ішінде жетіліп, айналадағылар үшін қауіпті болып кетеді. Олар күнделікті қолданатын заттар, ойыншықтар, төсек және ішкиім арқылы, сондай-ақ кілем мен жиһазға қонған шаң арқылы тез таралады. Ауру көзі – острица жұқтырған адам ғана.
Көбінесе жұғу гигиеналық талаптарды сақтамаудан болады: қолды жумау, тырнақ тістеу немесе ойыншықты ауызға салу. Сондықтан балалар жоғары қауіп тобына жатады. Сонымен қатар, қайтадан өз-өзін жұқтыру салдарынан ауру бірнеше айға дейін созылып кетуі мүмкін.
Энтеробиоздың басты белгісі – анус аймағындағы қатты қышыну, әсіресе кешке және түнде. Бұл баланың мазасызданып, ұйқысының бұзылуына, зейіннің төмендеуіне және ашушаңдыққа алып келеді.
Жұқтыру мен қайта жұқтырудың алдын алу үшін:

Қолды сабындап жиі жуыңыз – әсіресе тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін;

Тырнақты қысқа етіп алып жүріңіз, балалардың саусағын ауызға салмауын қадағалаңыз;

Үйде ылғалды тазалық жасап тұрыңыз, төсек жабдықтарын жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп отырыңыз;

Ойыншықтарды, әсіресе жұмсақ ойыншықтарды дезинфекциялап тұрыңыз;

Балаларға гигиеналық дағдылардың маңызын түсіндіріңіз – бұл олардың денсаулығының кепілі.
Ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге қаралып, қажет болса ем қабылдаған жөн. Егер барлық ұсыныстар мен алдын алу шаралары сақталса, энтеробиоз жақсы емделетін ауру.
Денсаулық – таза қолдан басталады!