Білікті мамандарды даярлау – кез келген ұйымның, әсіресе санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тиімді жұмысының негізгі міндеті болып табылады.

Білікті мамандарды даярлау – кез келген ұйымның, әсіресе санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тиімді жұмысының негізгі міндеті болып табылады.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде болашақ кәсіби мамандармен жұмыс істеуге олардың оқу кезеңінде-ақ ерекше көңіл бөлінеді.
Осыған орай, өңірлік департамент Астана медицина университетінің студенттерімен онлайн-кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға ведомство басшысының орынбасары Қанат Искаков қатысты. Ол студенттерге санитариялық қызметтің қызмет бағыттары, құрылымы, функциялары мен міндеттері туралы айтып, жас мамандар үшін мансаптық өсу мүмкіндіктерін атап өтті.
Кездесу барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде жұмысқа орналасу мен кәсіби дамуға қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Қанат Искаковтың айтуынша, мұндай кездесулер студенттерге болашақ мамандығын алдын ала таңдауға және мемлекеттік санитариялық қызметте жұмыс істеудің қандай мүмкіндіктер ашатынын түсінуге көмектеседі.
– Біз жас әрі ынталы мамандардың келуіне мүдделіміз және әрқашан медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін қатарымызда көруге қуаныштымыз, – деді ол.