Осы лицензияны алу үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:

Бекітілген нысан бойынша өтініш (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы).

Лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер.

Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге арналған үй-жайларға (әкімшілік, тұрмыстық, өндірістік) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім туралы дипломның электрондық көшірмесі (2015 жылға дейін оқуды аяқтаған мамандар үшін).

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша оқу курсынан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі.