Ағымдағы жылдың маусымдық ауруларының бірі-А вирустық гепатиті, әдетте ауру ауыр түрде өтеді, бірақ сонымен бірге ағза өздігінен жеңе алатын инфекцияларға жатады.
Аурудың атауы «Гепатит» - бауырдың қабыну ауруы. Көбінесе олар вирустардан пайда болады. Басқа инфекциямен, интоксикациямен, аутоиммундық аурумен инфекция дәл осындай салдарға әкелуі мүмкін. Аурудың барысы жеңіл болуы мүмкін, сонымен бірге бауыр тіндерінің тыртықталуына, цирроздың мүмкін дамуына және тіпті қатерлі ісіктің пайда болуына әкелуі ықтимал.
Гепатиттердің жіктелуі аурудың өту түрінде (жедел және созылмалы) немесе ауруды тудырған себептер бойынша (вирустық, уытты және аутоиммундық ауру түрінде) бөлінеді.
А гепатиті немесе материалдың атауында айтылғандай – кір қолдан болатын ауру, кез келген жеке гигиена ережелерін сақтамаумен, сондай-ақ тамақ пен тұтынатын суды өңдеуге тиісті көңіл бөлінбейтініне байланысты таралу механизмі болады.
Ресми медицинада А гепатитін қауіпті аурулар қатарына жатқызбайды. Осы инфекциямен ауырғандардың барлығы осы белгілі бір қоздырғыш түріне өмір бойы болатын иммунитеке ие болады. А гепатитін жұқтырған инфекция 30 күннен кейін ауру аурынқырай бастайды, ал инкубация кезеңі 15- 50 күнге дейін созылады.
Есіңізде болсын! Таза қол-Сіздің денсаулығыңыздың кепілі!